Әлеумет

Сарабдал саясаттың салтанаты

Сарабдал саясаттың салтанаты

Қарағанды облысы

Біз Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезектен тыс Президенттік сайлаудағы теңдессіз жеңісі және Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ресми кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлының жеңісі еліміздің жарқын болашағының басты кепілі болып табылады. Біздің Көшбасшымыздың жетекшілігімен жас Қазақстан мемлекеті көз алдымызда әлемге танылды. Біз Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған Үдемелі индустриялық бағдарламасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының нақты жүзеге асырылып жатқан нәтижелерін көзбен көріп отырмыз. Ұлт көшбасшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан бес институционалды реформа бүгінгі күннің талабы деп білеміз. Еліміздегі азаматтық қоғамның дамып қалыптасуы біздің қоғамдық өмірдің кез-келген саласына белсенді араласуымызға мүмкіндік туғызуда. Бұл мемлекетімізді оңтайландыруға бағытталған қоғамда өзіндік тұрғыда реттеуді кең көлемде қарастырып, заң шеңбері аясында жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Биыл еліміз тарихта ойып тұрып орын алатын мерекелер - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтуде. Еліміздің алдағы уақытта қарқынды дамуы Елбасымыздың бес институционалды реформасына негізделетін болады. Бүгінде Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық қуаттылығы артып отыр, алдағы уақытта да дамуымызға кепіл болатын мүмкіндіктеріміз бар. Бұл үшін біз Мемлекет басшысына алғыс айтуға тиіспіз. Елімізде қалыптасқан достық, бірлік алдағы уақыттарда қазақстандықтарды жаңа белестерге бастайтыны анық. Елбасымыздың бейбітшілік және келісім саясаты біздің күшіміз бірлікте екендігін көрсетіп, береке орнаған Қазақстанда ұрпақ тәрбиелеп, жарқын болашақты бірге құруға жол ашып отыр. Сондықтан да Елбасының Президент лауазымына кірісуі алдындағы ұлықтау рәсімінің Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткендігінің өзі символикалық зор мәнге ие болса керек. Бұл салтанат Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің нақты бір дәлелі болды. Біздің шын ықыласпен құттықтауымызды және ізгі тілегімізді қабыл алыңыз. Увайс Джанаев, Қарағанды облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Маңғыстау облысы Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлт көшбасшысын сайлаудағы жеңісі және Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтаймыз. Бұл – халықтың өзінің Елбасына деген үлкен сенімінің жеңісі. Біз барлық қол жеткізген жетістіктеріміз үшін елімізді бірлікпен бастап келе жатқан Президентімізге алғыс айтуымыз қажет. Елбасымызды ұлықтау рәсімі еліміз үшін ең айтулы мереке болып табылатын Бірінші Мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі аясында өткендігінің өзі тегін болмаса керек. Халқымыз өзінің Көшбасшысымен, өз болашағына сенеді. Біз тек қана Елбасының жетекшілігімен жарқын болашаққа сенімді қарай аламыз. Мемлекет басшысы ұсынған бес халықтық реформаның еліміздің дамуында айрықша маңызы бар екендігін атап айтқан жөн. Бүгінде елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы жоғары деңгейде жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Қазақстан Президенті қолға алып отырған бастамалар еліміздің тұрақты дамуын, қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтқаны даусыз. Біздің өңірімізде бес халықтық реформа аясында көлік-логистика және туризм саласын дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Маңғыстау – Қазақстандағы бірден-бір инвестициялық облыс. Сол себепті Елбасымыздың отандық және шетелдік инвесторлардың заңдық мүддесін қорғауға негізделген тапсырмаларының біз үшін маңызы зор. «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық идеясы барша қазақстандықтардың күшін бір арнаға тоғыстырады. Біздің көп ұлтты халқымыз Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге мемлекетімізді бұдан да мықты дамыған елге айналдыратындығына сеніміміз кәміл. Магомед Лорсанов, Маңғыстау облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы. Ақмола облысы Сайлау қорытындысының таңдай қақтырарлық нәтижесімен, Н.Ә.Назарбаевтың ел Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз! Ағымдағы жылғы 1 Мамыр – ел тарихында ерекше күн. Бірлік мерекесінің қарсаңында бүкіл халық таңдаған Президентіміз салтанатты түрде өз жұмысына кірісті. Бұл біздің елдегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлігімізді нығайта түсері хақ. Біз Елбасымызға Қазақстандағы қоғамдық татулықты, этносаралық достықты сақтап, дамытып отырғаны үшін ұшан-теңіз алғысымызды айтамыз. Президенттің сарабдал саясатының арқасында ел азаматтары бейбітшіліктің құшағында тербеліп, баянды ғұмыр кешуде. Еліміздің әлемдік ареналарда абыройы артуда. Елбасының жаңашыл ойлары, реформалары жаһандық дағдарыстарға лайықты тойтарыс бере алатынын көзіміз көріп жүр. Көшбасшымыз ұсынған бес институционалдық реформа Қазақстанның жаңа серпінмен дамуының негізі екені айқын. Сол бес реформаның бірі – мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономды ету арқылы біз экономикалық бағдарламалар мен мемлекеттік қызмет сапасын жаңа биікке көтереміз. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету реформасының арқасында біз құқықтық әлеуетімізді арттырып, сот ісінде ашықтыққа қол жеткіземіз. Әрбір іс жүйесінің сапалы болуын қамтамасыз етіп, жең ұшынан жалғасатын жемқорлықтың тамырына балта шабамыз. Экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсімді нықтай отырып, біз жаңа жетістіктерді бағындырамыз. Бірыңғай болашақ ұлтты қалыптастыра отырып, «Мәңгілік Ел» идеясының мәнісін түсінеміз. Ол өз кезегінде жүзден астам ұлт пен ұлысты, он жеті конфессия өкілдерін бір тудың астына біріктіріп, ынтымақты нығайтады. Е.Мащинская, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихаттың қоғамдық және этносаралық келісім мәселесі бойынша депутаттық тобының жетекшісі, «Чуваш этномәдени орталығының» төрайымы. Ақтөбе облысы Ақтөбе облыстық этномәдени бірлестігі Н. Ә. Назарбаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жарқын жеңісімен және ресми түрде Президент қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтайды. Бұл – бүкіл Қазақстан халқының, бәріміздің ортақ жеңісіміз. Әлемде, өз елімізде орын алып жатқан оқиғалардың барлығы да бізді толғандырмай қоймайды. Сол себепті біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаның маңызы ерекше деп білеміз. 20 жыл бұрын Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының іргетасы қаланды. Содан бергі уақытта бұл институт біздің қоғамның басты құндылығы саналатын бірлік пен келісімнің, бейбітшіліктің кепіліне айналды. Президент Н. Ә. Назарбаевтың халықтық реформаларын іске асыру – еліміздің дер кезінде қарқынды дамуының кілті болғаны, болары сөзсіз. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан экономикасы дамудың даңғыл жолында өз орнын тапты. Реформалардың бірінде айтылғандай оны әрмен қарай индустрияландыру арқылы біз өзіміздің позициямызды әрмен қарай күшейте түсеміз. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы еліміз өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындарының санын арттырып, шағын және орта бизнестің тынысын ашады. Реформа лайықты түрде орындалғанда өндіріс секторының ауқымы ұлғайып, жаңа экспорттық тауарлар айналымға шығады. Қазақ жеріндегі бейбітшілік философиясы мен достық және толеранттылық әлемдік қауымдастыққа үлгі бола білді. Мұның бәрі «Мәңгілік Ел» идеясының жемісі, бір мүдде, бір болашақ ұғымының жеңісі. Біздің көзқарасымызда Елбасының халықтық реформалары елімізде экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, этносаралық және конфессияаралық достық пен қоғамдық келісімнің рөлін арттырады. Біз Көшбасшымызбен біргеміз, біріксек, алынбайтын қамал жоқ! Гайк Вардгесович Тертерян, «Урарту» Армянская общины» Акционерлік қоғамының төрағасы. Алматы облысы Нұрсұлтан Әбішұлын кезектен тыс Президенттік сайлауда жеткен теңдессіз жеңісі және Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл тарихи салтанат Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесін тойлаумен тұспа-тұс келгендігінің символикалық тұрғыда маңызы айрықша екендігін айту ләзім. Елбасымыздың сындарлы саясаты, оның көрегенділігі, шешім қабылдаудағы батылдығы Қазақстан Республикасын дамудың жаңа қадамына бастап келеді. Біз, Алматы облыстық этномәдени бірлестігінің өкілдері Елбасымыз ұсынған бес институционалды реформаның бүгінгі күнде маңызы мен қажеттілігі орасан екендігін айрықша атап өткіміз келеді. Институционалды реформа – әлемдегі геосаяси және экономикалық қиындықтардан жол табудың нақты жауабы болып табылады. Мемлекеттік аппаратты реформалаудағы және қызметтік өсудегі қағидаттарды әділеттілікпен нығайту мен мемлекеттік қызмет аясын кеңейтуде маңызды әрі сапалы шешім қажет. Бұл әрине мемлекеттік қызметтің беделін нығайтып, азаматтарға деген сенімді күшейтеді. Жоғарғы заң қоғамның түрлі саладағы әділеттілігін реттейді. Осыған орай елімізде бизнес те еркін дамуда. Сондықтан да бүгінде құқыққорғау және сот органдары өкілдерінің кәсіби біліктілікпен жұмыс жасауы өте маңызды. Алматы облысы бойынша барлық ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісім аясында ғұмыр кешіп, өндіріс және ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етуде. Өңірімізде егін және мал шаруашылығы, фермерлік шаруашылық қарқынды дамуда. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бойынша аграрлық сектор аясында көптеген жұмыс орындары ашылып, жастарымыздың еңбекке араласуына мол мүмкіндіктер жасалуда. Біз, қазақстандықтар, тағдырымыз бір арнаға тоғысқан бір халықпыз. Елбасымыздың барлық реформаларын бірлікпен жүзеге асыруға дайынбыз. Ең бастысы – бұл үшін біздің мызғымас ынтымағымыз бар. Елдің дамуы үшін басты керегі – ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен толеранттылық. Бұл – Елбасымыздың сындарлы саясатының басты жемісі. Елбасымыз ұсынған бес халықтық реформаның негізі қазіргі заманның талаптарынан туындаған. Тек қана алға – бұл нағыз Көшбасшының қасиеті. Халықты жарқын болашаққа бастайтын да осындай ұстамдылық. Біз Отанымыз Қазақстанның ғылыми озық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қарқынды даму жолымен жүріп, өз Көшбасшымызбен бірге әлемдегі экономикасы озық отыз дамыған елдің қатарына қосылатынына бек сенеміз. Р.К.Кушалиев, республикалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары. Алматы қаласы Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз. Ел Президенті ұлықтау рәсімінің Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс өткені символикалық жағынан керемет үйлесім тапқандай. Әлемдік экономикалық дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсерін тигізе бастаған қазіргі кезеңде бізге тұрақтылық, бірлік және қоғамымыздың топтасуы ауадай қажет. Біз Елбасын таңдай отырып, Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен өз Көшбасшысының төңірегіне тығыз топтасқандығын дәлелдедік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықтық реформалары Қазақстан Президентінің көрегенділігі мен стратегиялық ұтқырлығын кезекті рет айқындап берді. Қазақстан қоғамында экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени жаңғырту жұмыстарының дәйекті түрде жүргізілуі біздің мемлекетіміздің келешегін кемелдендіруге бағытталып келеді. Бүгінде біздің еліміздің кез-келген аймағында тұратын әрбір қазақстандыққа әлеуетін көтеріп, өз Отанының игілігі жолында еңбек етуге жан-жақты жағдай жасалған. Ұлт көшбасшысының халықтық реформаларын орындауда Алматы қаласының орны айрықша. Бұл қадам сөзсіз шағын және орта бизнестің дамуына, сервистік қызмет деңгейінің көтерілуіне жол ашады. Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыру туристік саланы дамытуға зор мүмкіндіктер ашады. Ұлт көшбасшысының және еліміздің жоғары халықаралық беделі, барлық саланы дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар – бұл Қазақстанның қазіргі және болашақтағы табыстарының берік негізі. Міне, сондықтан да бес халықтық реформаны дер кезінде жүзеге асыру аса маңызды. Мария Папп, Алматы қалалық венгр этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, «Келет» АҚ әкімшілік бөлімінің басшысы. Астана қаласы Н.Ә.Назарбаевты президенттік сайлаудағы керемет жеңісімен және ел Президенті лауазымына кірісуімен құттықтаймыз! Бұл болашаққа нық қадам басатын жоспары мен стратегиялық мақсаты бар Елбасына халықтың үлкен сенім артып, өз қалауын еркін білдіруі. Астана қаласының этномәдени бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған институционалды реформалардың өміршеңдігі мен өзектілігін ерекше бағалауда. Мығым мемлекеттік саясатының арқасында Қазақстан бүгінде көптеген бейбітсүйгіштік бастамалар мен қарқынды экономикалық реформалардың интеграторына айналды. Қазақстан табыспен дамушы мемлекет құру жолымен жүріп келеді. Біз Мемлекет басшысы ұсынған мемлекеттік қызмет төңірегіндегі, индустрияландыру саласындағы заңның үстемдік құруы жөніндегі халықтық реформалар біздің еліміздің жаңа жетістіктерге жетуін қамтамасыз ететініне сенімдіміз. 100-ден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқан біздің көп ұлтты қоғамдағы татулық, бірлік пен төзімділікті сақтау жолындағы қазақстандық саясат – бұл ең басты құндылығымыз. Бүгінде Қазақстанның этносаралық келісімді нығайту жөніндегі тәжірибесі әлемдегі сәтті қадамдардың бірі ретінде танылып отыр. Болашағы біртұтас ұлт және ашықтық пен мемлекеттік есептілік сынды негізгі институционалды реформаның аясында тұрақтылық пен келісім жүйесінің дамуы жалғасын табатын болады. «Мәңгілік Ел»: азаматтық, теңдік және демократия ұстанымындағы қазақстандық бірдейліктің әрмен қарайғы нығаюының маңыздылығын ерекше атап өткіміз келеді. Роза ПАК, Астана қалалық кәріс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары. Атырау облысы Атырау облыстық этномәдени бірлестігі Елбасын сайлаудағы айрықша жеңісімен және Президент лауазымына ресми түрде қайта кірісуімен құттықтайды! Ұлт көшбасшысының елдің өркендеуі жолындағы қажырлы еңбегіне, оның әрбір қазақстандыққа деген қамқорлығына өзіміздің тәнті екендігімізді білдіреміз. Бұл оқиға Қазақстан халқының шынайы бірлігінің дәлелі ретінде кезекті мәрте танылды. Және де ұлықтау рәсімі тектен-тек 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізілген жоқ. Біз де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама етіп көтерген бес институционалды реформасының ерекше өзектілігін талқылаудамыз. Бүгінгі таңдағы күрделі геосаяси үдерістер мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысының саясаты арқасында Қазақстан қарқынды әрі сенімді дамуын жалғастыруда. Бүгінгі өзгерістер жаңашыл жауаптар мен ерекше шешімдерді, алдын алу шараларын қабылдауды талап етуде. Сондықтан біз Президенттің қазақстандық экономиканың алға жылжуы мен қоғамның әлеуметтік көңіл-күйінің жақсаруын қамтамасыз ететін бес институционалды халықтық реформасының маңыздылығын ерекше бағалаймыз. Мемлекеттің қолдауы арқасында елімізде этникалық БАҚ-тар мен ұлттық театрлар жұмыс істеп жатыр. Этникалық топтар ұйысып өмір сүріп жатқан өңірлердегі мектептерде сабақтар ана тілдерінде өткізілуде. Мәңгілік Ел идеясы базасында топтасқан тең құқылы және тең мүмкіндіктерге ие қазақстандық қоғам қазақстандық бірдейлікті нығайту жолында тоқтаусыз жүре беретініне біз сенімдіміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, азаматтық ұстаным табысты мемлекеттің сенімді іргетасы бола алады. Ю.КУСТАДИНЧЕВ, Атырау облыстық «Возрождение» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы. Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облыстық этномәдени бірлестігі кезектен тыс өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауындағы Н.Ә.Назарбаевтың жеңісі жайлы жаңалықты аса үлкен қуанышпен, мемлекетімізге деген мақтаныш сезіммен қабыл алдық. Адам баласы үшін барлық жағдай жасалып жатқан Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерді көпшілік мойындаған Ұлт көшбасшысы, ғаламдық ой-өріске ие Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Ал мұның барлығының бастамасында Сіздің еліміздегі достық пен тұрақтылықты сақтаудағы алған бағытыңыз жатыр. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаның өмірлік маңыздылығы мен қажеттілігін ерекше атап өтеміз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өзінің бейбітшілік пен келісім, төзімділік пен ынтымақ жолындағы ерекше моделін сақтап қала алды. Біз еліміздің жетістіктерімен, адамдар арасындағы өздерін біртұтас ұлт сезінетін достық ауанымен әркез мақтана аламыз. Мәңгілік Ел идеясының базалық құндылықтары қазақстандық бірдейлікті нығайту үшін қазақстандық қоғамды жалпыұлттық мүдде төңірегіне топтастыруға қауқарлы. Мемлекет басшысы бес халықтық реформаны айта келе, заманауи мемлекетті құрудың алғышарты ретінде азаматтық теңдікті атап өтті. Барлық азаматтар тең дәрежелі құқықты пайдалану, жауапкершіліктің біркелкі жүгін алып жүру, тең мүмкіндіктерге қол жеткізуі керек. Бұл принцип озық мемлекеттің факторы болмақ. Барлық Қазақстан азаматтарының қандай да бір кедергілер мен бөліп-жарулардан алшақ әлеуметтік лифтілермен қамтылуы жөніндегі шаралардың дұрыстығын ерекше атап өткіміз келеді. Біз жалпыұлттық құндылықтар – заңның ұлықтылығы, мемлекеттік дәстүрлер, қазақстандық құндылықтар этникалық мінез-құлық модельдерінен әрқашан да биік тұратынына сенімдіміз. Жария болған барлық бес институционалды реформаны жүзеге асыру еліміз үшін жаңа перспективалар, қазақстандық қоғамның бейбітшілікке өрлеуі жолында жаңа бағыттар ашпақ. Габдулхай ИШМУРАТОВ, «Идел» Қазақстан Республикасы татар және татар-башқұрт этномәдени бірлестігі қауымдастығының президенті. Жамбыл облысы. Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы сөзсіз жеңісі мен ел Президенті міндетіне қайта кірісуімен шын жүректен құттықтаймын. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қуаты арта түсетініне сенімдіміз. Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық озық үлгісі – көптеген өзге мемлекеттерге өнеге. Толеранттылық пен бірлік – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты қағидаты. Ұлықтау рәсімінің Қазақстан халқы бірлігі күнінің қарсаңында өтуі тегін емес. Бұл мереке, шын мәнінде, елімізде тұрып жатқан барлық этностың достығы мен татулығының көрінісіне айналды. Президенттің ұсынған бес халықтық реформасы заман талабына нақты жауап болды және елдің экономикалық, әлеуметтік жаңа сатыға көтерілуіне жол ашпақ. ТМД елдері арасында Қазақстан тұрғындардың өмір сүру деңгейі жоғары, инвестициялық ахуалы ыңғайлы, мемлекеттік қызмет көрсетуі сапалы, даму реформаларын жүзеге асырудағы көшбасшы ел ретінде танылды. Елбасының «алдымен экономика, сосын саясат» ұстанымындағы саясатына орай жүргізіліп отырған жұмыстар жемісін беруде. Бес институттық реформаның бірі – мөлдірлік пен айқындық. Біз мемлекеттік мекеме басшыларының өз істеріндегі мөлдірлігі халықтың оларға деген сенімін туғызады деп ойлаймыз. Сонымен қатар, мемлекет пен халық арасын жақындата түсудің тағы бір тетігі ретінде «ашық үкімет», яғни, қандай да бір шешім қабылдауға халықты да қатыстыру. Мемлекет басшысы айтқандай, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру керек. Одан өзге, азаматтық қоғамды аймақтық қаржыландыру үдерісіне де қатыстыру керек. Амир Халиков, облыстық «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы. Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен және ел Президентін ұлықтау рәсімімен шын жүректен құттықтайды. Қазақстан халқы кезекті рет өз бірлігін, елді дамытудағы ортақ көзқарасын, бақытты да гүлденген Қазақстанды құру жолындағы ұмтылысын көрсетті. Ел Президенті лауазымына ресми кірісудің Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өтуі салтанаттың символикалық мәнін аша түскендей. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес халықтық реформаның өзектілігін айрықша сезініп отырмыз. Бес халықтық реформа – бұл біртұтас қазақстандық ұлттың болашағына бастаған бес қадам. «Ашық үкімет» тетігі арқылы транспарентті және есеп беруші мемлекет қалыптастыру, мемлекеттік органдар жауапкершілігі аумағын қысқарту азаматтық қоғамға біздің өміріміздегі әртүрлі салаларды одан ары дамыту, маңызды шешім қабылдау мәселесіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Заңдылықты, қоғамның өзін-өзі реттеу жүйесін кеңінен енгізудің қарастырылып отырған шаралары біздің мемлекетімізді жаңғыртуға бағытталған. Біз Президент Н.Назарбаев саясатының Қазақстанның өз жетістіктері мен табыстарының еселейтініне, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған биік стратегиялық мақсатқа жеткізетініне сенімдіміз. Бір әрқашан да Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ұлтаралық келісім мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған барлық бастамаларына қолдау көрсететін боламыз. Максим Пак, Батыс Қазақстан облыстық кәріс этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Қостанай облысы Қостанай облысындағы Ассамблея мүшелері Н. Ә. Назарбаевты сайлаудағы салтанатты жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды. Біз осындай алмағайып, әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде тек нағыз көшбасшы – Нұрсұлтан Назарбаев қана елімізді сенімді түрде әлеуметтік дамудың биік шыңына жеткізе алатынына сенеміз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан бес институционалды реформа бүгінгі күннің талабы деп білеміз. Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы басты бағыттар – заманауи мамандандырылған және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдік құруы және жеке мүлікті қорғау құқығы, орнықты экономика, біртұтас ұлт болашағы, мөлдірлік және айқындылық, барша қазақстандық үшін заманауи мемлекетті қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде Қазақстанда достық пен келісім аясында 130-дан астам ұлт пен ұлыстар, 17 конфессияның өкілдері өмір сүруде. Біз бір халықпыз, біз – қазақстандықтармыз! Еліміздің Көшбасшысы біртұтас ұлт болашағын қалыптастыруда қазақстандық қоғамды одан әрі шоғырландырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасауда. Мұндай институционалды реформаны жариялау барлық қазақстандыққа теңдей мүмкіндік береді. Біз басты мақсатқа – мықты және өркениетті елде өмір сүруге Елбасымызбен бірге қол жеткіземіз. А. В. Двуреченский ҚХА облыстық орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі. Қызылорда облысы Қызылорда облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы салтанатты жеңісімен және Президент лауазымын ресми кірісуімен құттықтайды. Біз елімізді әлемдік экономикалық дағдарыс өршіп тұрған қазіргі қиын-қыстау кезеңнен нағыз көшбасшы – Нұрсұлтан Назарбаев қана алып шығып, өркениет көшіне бастайтынына кәміл сенеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған бес институттық реформа негізінен уақыт талабынан туған. Экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісім-шарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде, экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсімге қол жеткізу, болашағы біртұтас ұлттың жайы, транспарентті және есеп беруші мемлекет жүйесін құру – мемлекет құру ісіндегі Қазақстан қоғамын жаңғыртудың басты бағыттары. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыстың, 17 конфессияның өкілдері татулық пен келісімде өмір сүруде. Біз – біртұтас халықпыз, біз – қазақстандықтармыз. Мемлекет басшысының негізгі міндеті – біртұтас ұлттың болашағын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті Қазақстан қоғамын құру. Жоғары құқықтық жүйе қалыптастыруға негізделген институттық реформа барша қазақстандықтарға құқықтық қолжетімділіктері мен мүмкіндіктерін арттырады. Жалпы, біз Елбасымен бірге көздеген мақсатымызға жететінімізге сенімдіміз. Болашақта Қазақстан қуатты әрі қауіпсіз елге айналатынына шек келтірмейміз. Г. Щербакова, «Славян» этномәдени орталығының жетекшісі. Павлодар облысы Павлодар облысының этномәдени бірлестігінің өкілдері Елбасымызды кезектен тыс сайлауда үлкен жеңіске жетуімен және Қазақстан Республикасы президенті лауазымына кірісуімен шын жүректен құттықтайды. Ел президентін сайлау біз үшін тағдырлы оқиға болып табылады және Отанымыздың гүлденіп, өркендеуін біз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырамыз. Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны дер кезінде ұсынды деп есептейміз. Кез-келген жоспардың стратегиялық дамуы алғашқы тактикалық қадамдарды жүзеге асырудан басталады. Павлодар облысында өнеркәсіп кәсіпорындары табысты дамуда, олардың арасында отандық көшбасшы – металлургия, энергетика және пайдалы қазбаларды өндіру бар. Сондай-ақ халықаралық экономикалық ынтымақтастық дұрыс жолға қойылған. Мал шаруашылығы және егіншілік – аграрлық бизнестің дәстүрлі салалары болып табылады. Мемлекет басшысы ұсынған мемлекеттік басқару жүйесі саласын қайта құрылымдау, заңның үстемдігін нығайту, индустрия және ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік қызметте жаңа басымдықтарды енгізу, сапалы нәтижеге бағдарлау – жаңа менеджмент жүйесін жасақтауға ықпал етеді. Әділ материалдық ынталандыру мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсуінің негізі болып, мемлекеттік саясатты барлық бағытта жүзеге асыруға оң ықпалын тигізеді. Павлодар облысында өңдеу өнеркәсібінің жеделдете дамытуға барлық алғышарттар бар. Энергетикалық кешен, географиялық жағынан қолайлы орналасуы, көліктік жүйенің дұрыс жолға қойылуы индустрияландыруды табысты жүргізудің, экономиканы әртараптандырудың негізгі алғышарттарының бірі. Білікті де сауатты мамандар және ауыл шаруашылығындағы өндірісшілер әулеті үлкен экономикалық әлеуетіміз болып саналады. Бір үлкен және тату отбасында өмір сүріп жатқан біздер, облыс тұрғындары, өзіміздің із ашарларымыздың даңқты еңбек дәстүрін сақтап қалдық. Қазақстан Республикасы Президентінің 5 халықтық реформасы, шын мәнісінде, шоғырландырушы фактор болып табылады. Любовь Богнат, Павлодар облыстық «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Солтүстік Қазақстан облысы. Солтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кіріскендігімен құттықтайды. Елбасының көрегенді саясатының арқасында түрлі ұлт өкілдерінің бейбітшілік, достық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқаны үшін шексіз алғысымызды, құрметімізді білдіреміз. Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформа мемлекетіміздің ары қарайғы өркендеуі мен «Қазақстан–2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының сәтті жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Біздің облысымызда бірнеше ұлт өкілі өңірдің экономикасының барлық саласында бірлесе еңбек етіп, өмір сүріп келеді. Президент ұсынған реформалар өнеркәсіптің қарқынды өркендеуіне негіз болатыны сөзсіз. Біз үшін әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдеріне көрсетілетін қолдау маңызды. Солтүстік Қазақстанда егін мен мал шаруашылығынан бөлек, ауыл шаруашылығында өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді. Қазіргі таңда әсіресе, мемлекеттік қолдау мен аграрлы өнеркәсіптерді субсидиялау өте маңызды. 5 институционалдық реформа шоғырландырғыш сипатта. Олар бізді, Қазақстан халқын біртұтас біріктіріп, Ұлт көшбасшысының қоғам алдына қойған маңызды заманауи мәселелері мен жалпы мемлекеттік жетістікке жетуде шоғырландыруы тиіс. Бізге, барлық қазақстандықтарға мемлекетімізде болып жатқан оңды өзгерістерге әрқайсымыздың өз септігімізді тигізгендігіміз және келешек ұрпақ үшін Қазақстанның өркендеуі жолындағы үлесімізді қосқанымыз өте маңызды. Рашбиль Евдаев, «Солтүстік Қазақстан облыстық еврей этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысы Оңтүстік Қазақстан облыстық этномәдени бірлестігі Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен және бұрынғы лауазымына қайта кірісуімен шын жүректен құттықтайды. Біз Елбасы саясатын жүзеге асыру үшін жұмылған жұдырықтай бірігуіміз керек. Ұлықтау салтанатының Қазақстан халқы бірлігі мерекесі – 1 Мамыр қарсаңында өтіп отыруы да тегін емес. Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасы әлемдік қаржылық дағдарысты еңсеруге ұсынылған маңызды ұсыныс болып табылады. Қазақстан экономикасын басты бағыттарда және мемлекеттік менеджмент жүйесін реформалау елімізді дамытудың маңызды кезеңі болады. Мұның өзі «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру және Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуіне игі ықпал етеді. Әлемдік экономикада энергия ресурстарына және металға баға төмендеуі байқалады, саясат саласында да шиеленісті жағдайлар бар. Міне, осындай қиын кезде Мемлекет басшысы Қазақстанның ырғақты дамуы үшін жаңа бағдарларды көрегендікпен саралады. Біз әртараптандыру негізінде индустрияландыруды жүзеге асыру міндетін қанағаттанарлық сезіммен қабылдадық. Президент осымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау үшін субсидиялау мәселесін алғашқы кезекке шығарды. Бұл шаралар отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетін арттырады. Біз, Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының өкілдері бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрылымдаудың маңызы зор екенін ерекше атап айтқымыз келеді. Қазіргі қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер ең жоғарғы талаптарға жауап беруі тиіс. Мұның өзі Мемлекеттік қызметке әділ және лайықты орналасқанда моральдық және материалдық ынталандыру нәтижесінде жүзеге асады. Жекеменшік құқығын кепілдендіретін заңның үстемдік алуын қамтамасыз ету де маңызды. Құқыққорғау жүйесінде ұстанымы бар және білікті, кәсіби судиялар жұмыс істеу керек. Қоғамдағы өмірдің барлық саласында қауіпсіздік және тұрақтылық Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады. Мемлекет басшысы ұсынған барлық шаралар біздің қоғамымызды біріктіреді, жаңа міндеттерді жүзеге асыруға жігерлендіреді. Марина Лимаренко, облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.