Жастар шықты рингке
Жастар шықты рингке
Тараз қаласында КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы Кеңес Омаровты еске алуға арналған 1997-1998 жылы туылған жастар арасындағы бокстан халықаралық жарыс өтті. Жарысқа 11 салмақ дәрежесінде (46 кг, 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, +91 кг) Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттері мен республиканың 5 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 111 спортшы, 10 команда қатысты. Аталған жарыс, халықаралық AIBA ережесіне сәйкес өткізілді, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Доданың «Үздік боксшысы» болып А.Еділбаев (Жамбыл облысы) атанды. «Жеңіске деген жігерлігі үшін» Ш.Абдурасулов (Өзбекстан) берілді, «Үздік төреші» болып М.Умаров (Тәжікстан) анықталды. Айтулы аламанда облысымыздың құрама командасы 4 алтын, 6 күміс және 9 қола медальды иеленді.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".