Әлеумет

Қамқорлық деп осыны айт!

Қамқорлық деп осыны айт!

Күшаман – бірлігі мен берекесі ұйыған шағын ғана қазақы ауыл. Мұнда тұрғындар үшін әлеуметтік жағдай­дың бәрі де жасалынған. Үй сайын ауыз су құбыры жүргізіліп, телефон байланысы, «Отаu-ТВ» телеарнасының кабельдік желісі орнатылған. Ауыл орталығында мешіт үйі, жаңа үлгі­дегі медициналық пункт бар. Жаз айларында тұрғындардың аула бақшалықтарын ылғалдандыру үшін ағын су үзіліссіз, тұрақты берілумен келеді. Аудан, ауыл басшылары былтыр мектеп үйін күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи үлгідегі жаңа жылу қазандығын орнатып берді. Енді білім ұясында ұл-қыздарымыздың алаңсыз білім алуына мүмкіндіктері бар. Мектеп жанынан «Балапан» мемлекеттік бағдарла­масы аясында жиырма бес орындық шағын орталықтың ашылуы да тұрғындарды қуанышқа кенелтіп тастады. Ауылымыздағы «Қырбас» кесенесі күрделі жөндеуден өткізіліп, көрсе көз сүйсінерліктей қалыпқа келтірілді. Көшелеріміз де жарықтандырылып, жөнделуде. Міне, осы жетістіктердің барлығы да әуелі Алланың, сосын аудан, ауыл басшыларының, кәсіпкер азаматтарымыздың ауылға деген қамқорлығының нәтижесі екені анық. Оларға айтар алғысымыз да шексіз. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген қағидатты ұстанған осындай ер-азамат­тарымыз әмісе аман болғай деген тілектеміз.

Айша САДЫРҚҰЛОВА.

Күшаман ауылы, Мойынқұм ауданы.