Бір отбасынан – 15 адам

68

Сайлау науқанына Көшек батыр ауылының тұрғындары да белсене қатысты. Осы ауылдың қадірлі қариясы болған Елемес Бекбасаровтың өсіп-өнген әулетін ауылдастары орынды мақтан тұтады. Қара шаңырақта басие болып отырған 13 ұл-қыздың анасы, Батыр ана Нұрсұлу Әлжанова өзі бас болып әулетінен 15 адам өз таңдауларын білдірді. Олардың ішінде 6 немере, 5 келін бар.
– Әулетімізбен түгелдей Елбасымыз Нұрекеңе дауыс бердік. Халқымыздың береке-бірлігі үшін, дәулеті үшін аянбай еңбек етіп жатқан Елбасына разымыз. Даусымызды бере тұра ол кісіге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледік, – деді Батыр ана.

«Ақ жол – Ақпарат».

Көшек батыр ауылы,
Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support