Басты жаңалық

Латвияны жұмыссыздық жайлады

Латвияны жұмыссыздық жайлады

Наурыз айының қорытындысы бойынша Латвияда жұмыссыздық денгейі 9,2 пайызды құраған. Жұмыспен қамту агенттігінің көрсеткішіне сенсек, алдағы аймен салыстырғанда жұмысқа жарамды адамдардың арасында 0,1 пайыз жұмыссыздық жайлаған. Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Ригада 5,6 пайыз болып тіркелген, ал ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Латгальск аймағында 19,8 пайызға жеткен. Наурыз айының көрсеткіші бойынша Курземск аймағында жұмыссыздық 11,3 пайыз, Видземде 10,2 пайыз, Земгальде 9,6 пайызға жеткен. Ағымдағы айдың ішінде жұмыссыздар саны Резенкеде 1,7 пайызға күрт өсіп кеткені байқалған. Басқа қалаларда да екі қолға бір күрек таппай сандалып жүргендердің қарасы көбейген.