Мұнай мұңы Halliburton компаниясы 9 мың жұмысшысын қысқартпақ
Мұнай мұңы Halliburton компаниясы 9 мың жұмысшысын қысқартпақ
Америкалық Halliburton мұнайсервис компаниясы алдағы алты ай ішінде 9 мың жұмысшысын қысқартатыны туралы мәлімдеді. Компания президенті Джефф Миллер инвесторлар конференциясында тағы бір қысқарту болатынын айтты. 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша компания 1,2 миллиард долларды құрайтын активтерін қысқартуға мәжбүр болған. Соның кесірінен Halliburton осы кезеңде жалпы есепте 643 миллион доллар шығын көрген. Осыған байланысты басшылар шығыс көлемін азайту туралы шешім қабылдап отыр. «Соңғы екі тоқсанның ішінде біз 9 мың жұмысшыны, яғни қызметкерлеріміздің 10 пайызын қысқарттық», – дейді компания президенті. Миллердің мұндай қадамға баруына әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі себеп болған.