КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА
КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Жасотандықтар осы бағытта тұрғындарды игілікті іске атсалысуға шақырып, жылы киімдер, азық-түлік, балалар тағамдары, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтарын жинауда. Қайырымдылық акциясына тұрғындар түсіністік танытып, мүмкіндігінше қол ұшын созуда. Бұл іске облыстық іскер әйелдер қауымдастығы да айрықша атсалысуда. Қазіргі таңда қажетті заттар қала бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында, орталық базардағы «Кеңес беру орталығында», «Ауыл-Береке» базарының әкімшілік ғимаратында және «ИРС» сауда орталығында қабылдануда. Бүгін жиналған көмектің алғашқы легі Қарағанды облысына жөнелтілді. «Жас Отан» жастар қанаты, сонымен қатар, зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін еріктілер топтарына да қабылдау жүргізуде. «Көп түкірсе – көл» демекші, қайырымдылық акциясына «Нұр Отан» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қолдау көрсетіп, бір күндік айлық жалақыларын аударды.
«Ақ жол – Ақпарат».