Әдебиет

Бақытыма бастау болған бірлігім

The final spritzer

Бақытыма бастау болған бірлігім

18Нина Эрк, неміс ұлтының өкілі.

Шаттық жырын жырлайтұғын күн бүгін, Түріп тастап күйбең тірлік түндігін. Уақытыма рең сыйлаған зор бағым, Бақытыма бастау болған бірлігім.

Көгімізде бұлт шалмаған жарық күн, Жарық күнде жайбарақат халық тым. Қазақстан тәтті әуенмен әлдилер Бесігіндей болып тұр ғой бар ұлттың.

Адам болсаң асыл мінез жиып көп Туған елді, туған жерді сүйікті ет. Бәрімізге Отан болған шаңырақ, Бірлігімен бара жатыр биіктеп.

Татулықты тағып алсақ тұмар ғып, Басымызда бақыт орнап тұрар нық. Көк жүзінде желбіреген көк байрақ, Көз ұшында тұрар дәйім мұнартып...