Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Бітіруші-2015» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші тараптар өкілдері қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, банктер, мектептер бар. Бұл күні жұмыс беруші тараптар университеттің 75 пайызына жуық білімгеріне жұмыс орындарын ұсынды. Базбір мекемелер шақырған бітірушіні арнайы тест арқылы қабылдайтын болады.