Әлеумет

Белгілі соғыстың белгісіз қаһармандары

Белгілі соғыстың белгісіз қаһармандары

1942 жыл. Луговой ауданындағы (қазіргі Т.Рысқұлов) еңбеккерлердің майдангерлерге деп жинаған астығын өткізуге сап түзеп аттанып бара жатқан сәті. Астық өткізушілер шеруін бастап келе жатқан суреттегі қария мен ақ жаулықты ана кім болды екен? Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайындағы «Ортақ жеңіс» атты фотокөрмеге қойылған суретті көріп отырып, бізді осы сауал қатты ойландырды. Бәлкім, арттарында ұрпақтары, ағайын-туыстары қалған шығар. Олар мына тәуелсіз елімізде бақуатты, бақытты өмір сүріп жүрген болуы да мүмкін. Сондықтан егер суреттегі белгісіз бейнелерді білетіндер болса, редакцияға хабарласуын сұраймыз.

«Ақ жол» газетінің редакциясы.