Саясат

Жарқын болашақ үшін дауыс береді

Жарқын болашақ үшін дауыс береді

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысы белсенділерімен, еңбек ұжымдарымен және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Бұл туралы кандидаттың сайлауалды штабының баспасөз қызметі хабарлады. 

Делегация құрамында – республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина, Бақытжан Ертаев, Айгүл Соловьева мен Абай Тасболатов, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялылар, сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлері бар. Н. Погодин атындағы орыс драма театрының залында облыс белсенділерінің өкілдерімен кездесу өтіп, олар тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан Елбасының өлшеусіз үлесіне ерекше тоқталды. Сонымен бірге кездесуде өңір жастарының атынан телекоммуникациялық компанияның қызметкері Елена Косенкова сөз сөйледі. Ол қазақстандықтардың жаңа буынының Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын толық қолдайтындарын атап өтті. «Президент әсіресе жастарға айрықша көңіл бөледі. Біз үшін ол алдыңғы қатарлы мектептер мен университеттерді салуда, біз үшін Елбасы «Болашақ» және «Дипломмен-ауылға» сияқты бағдарламаларды өмірге әкелді. Бүгінгі қазақстандық жастардың әлемдегі ең озық білім алуына, келешегі бар жұмысқа тұруына және өз келешегін сеніммен құра алатын нақты мүмкіндігі бар! Біз Мемлекет басшысының әкелік қамқорлығын бағалаймыз және тек қана Нұрсұлтан Назарбаевқа ғана дауыс беретінімізді мәлімдейміз», – деді Е.Косенкова. Петропавл ауыр машина жасау зауытының аумағындағы РҚШ мүшелерінің Петропавл қаласындағы өндіріс саласының өкілдерімен өткен кездесуі барысында, зауыт адамдары өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамып жатқанына тоқталды. Мысалы, 2014 жылы индустриалды-инновациялық президенттік бағдарламасының шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында 4,5 миллиард теңгенің 4 нысаны салынды. Мыңдаған жұмыс орындары құрылды. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның қызметкері Нина Шербинина өз сөзінде былай деді: «Мен зауытта 50 жылға жуық жұмыс істеймін. Бұл сайлауда мен бұрынғыдай біздің Лидеріміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беремін. Өйткені, біз барлық уақытта Президент тарапынан көрсетілген қамқорлықты сезіп келеміз! Жұмысшылар Елбасыға дауыс береді». Келесі кездесу барысында облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық халықтың ынтымағын нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. «Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз және біздің жеріміздегі бейбітшілік үшін бәрімізге де зор жауапкершілік жүктелген. Біз – этномәдени бірлестіктердің өкілдері – бірлік пен ынтымақ, келісім мен достық үшін Президентімізге ризамыз. Сондықтан да мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беретін боламын!» - деді «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» облыстық филиалының төрағасы Николай Авдеев. Солтүстік Қазақстан облысы сапарындағы РҚШ мүшелерінің соңғы барған орны «Сүт өнімдері» зауыты болды. Зауыт қызметкері Диана Хайрулина кәсіпорынның 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында құрылғанын ерекше атады. «Мен «Сүт өнімдері» зауытында екі жылдан астам жұмыс істеймін. Жоғары оқу орнын бітіре салысымен осында жұмысқа тұрдым. Бізде жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған, лайықты жалақы аламыз. Мен және әріптестерім үшін ең маңыздысы осы. Сондықтан да мен өз дауыстарыңды Нұрсұлтан Назарбаевқа беруге шақырамын. Елбасы халқымыз үшін бәрін жасап жатыр», – деді Диана Хайрулина. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен болған кездесуге қатысқан Солтүстік Қазақстанның мыңдаған тұрғындары бірауыздан Елбасы үшін дауыс беретінін мәлімдеді.