Денсаулық

Бір атаның баласындаймыз

Бір атаның баласындаймыз

Сонау 1937 жылдың суық қысында бізді Қиыр Шығыстан Қазақстанға күштеп көшіргенде мен кішкене бала едім. Алғаш табан тіреген жеріміз – осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы. Кейін мектеп бітіргеннен соң, Жаңатасқа қоныс аудардық. Қала көз алдымда көркейді. Ұзақ жыл Қаратау тау-кен комбинатында ұсақтау фабрикасында еңбек еттім. Зейнетке шыққан соң, мені тұрғындар 1996 жылы «Наурыз» тұрғын үй кооперативінің төрайымы етіп сайлады. Кооперативке көбінесе көп қабатты тұрғын үйлер қарайды. Үкіметтің қамқорлығы арқасында қалаға көп көмек көрсетілді. Қараусыз қалған үйлер жөнделіп, ел игілігіне ұсынылуда. Көшелер жөнделуде. Халықтың болашаққа деген сенімі зор. Соның бірі – менмін. Жолдасымыз екеуміз бұл қаланы жанымыздай жақсы көреміз. Ұл-қыздарымыз бен немерелеріміз де. Өйткені, бұл елде ұлтыңа, дініңе, тіліңе қарап бөлмейді. Бауырындай көреді. Сондай елдің азаматы болғаныма мақтанамын.

Ася Ким, Жаңатас қаласының тұрғыны.