Денсаулық

«Джон-дирге» балама жоқ

«Джон-дирге» балама жоқ

«Джон-дир» деп аталатын ауыл шаруашылығы техникасына тамсана қарамайтын шаруа жоқ шығар. Өйткені, заманауи үлгідегі нөлдік технологиямен себу кешенінің дала жұмыстарында атқаратын қызметі орасан. Қолданыста жүргеніне 150 жылдан асқан техника бір мезетте көктемгі дала жұмысының барлығын атқарады. Атап айтқанда, егіс алқабының топырағын өңдеу, себу, ылғалды жабу, минералды тыңайтқыштарды енгізу. Бұл дегеніміз, көптеген жұмыс күші мен ресурстарды қысқартып, жанар-жағармайды үнемдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, «Джон-дирмен» тұқым дер кезінде себіліп, оның шығымы мен өнімділігі жоғары деңгейде болады. Бүгінде облыста аталған техникамен өз ісін өрге домалатып отырған агроқұрылымның бірі – «Луговой жылқы зауыты» ЖШС. Аталған серіктестік қызметкерлері нөлдік технологияны толық меңгерген. Олар аталған техникамен 10 мың гектар жерге масақты дақылдар тұқымын септі.

Досжан ЕРУБАЕВ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің басшысы.