Толағай
Ассалаумағаләйкүм, Сағат аға,
Әр сөзі оқ, сұрмерген ғажап аға.
Ойнап-күліп келдіңіз сексен беске,
Тоқсан менен жүзіңіз сөз боп па, аға!
Қан майданда жүргендей қан қақсатып,
Жазатынсыз мақала ел тамсантып.
«Ел тұтқаның» быт-шытын шығарғанда,
Қалып едім марқайып, масаттанып.
Бойдағы мінезіңіз қатты ұнайды,
Арқаның үдей соққан боранындай.
Жайма-шуақ ағалық мейірімің,
Сол Арқаның толағай самалындай!..
Садық СМАҒҰЛОВ,
журналист.
Comments are closed.