Мәдениет

Толағай

Толағай

Ассалаумағаләйкүм, Сағат аға, Әр сөзі оқ, сұрмерген ғажап аға. Ойнап-күліп келдіңіз сексен беске, Тоқсан менен жүзіңіз сөз боп па, аға! Қан майданда жүргендей қан қақсатып, Жазатынсыз мақала ел тамсантып. «Ел тұтқаның» быт-шытын шығарғанда, Қалып едім марқайып, масаттанып. Бойдағы мінезіңіз қатты ұнайды, Арқаның үдей соққан боранындай. Жайма-шуақ ағалық мейірімің, Сол Арқаның толағай самалындай!..

Садық СМАҒҰЛОВ, журналист.