Дүние және дағдарыс
Дүние және дағдарыс
Латвиядағы жұмыссыздық 94 пайызға дейін жетеді. Мемлекеттік кірістер қызметінің мәліметтерін талдай келе журналистер кедейшілік бойынша екінші орындағы латгаль аймағының еңбекке жарамды 1800 тұрғынының 103-інде жұмыс орындары бар деген қорытынды шығарған. Сонымен бірге олардың жартысынан көбі өлкелік әкімшілікте жұмыс істейтіндер. Жалпы, тұрғындар тіркелімінің деректері бойынша 2014 жылы Варкава өлкесінде экономикалық белсенді жастағы 1791 тұрғын декларацияланған. Алайда Мемлекеттік кірістер қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, олардың ішіндегі 670-інің ешқандай табысы болмаған. Нақты айтқанда, бұл олардың не жұмыссыз екендерін, не шетелге жұмыс іздеп кеткендерін білдірсе керек. Ал өлкенің 743 тұрғынында ең төменгі айлық жалақысының көлемін арттыратын тұрақты табысы жоқ. Олар жәрдемақы алу арқылы ғана кіріс келтіріп отыр, бірақ тұрақты түрде жұмыс істемейді. 314 адамның тұрақты табысы бар екен, алайда оның 211-і Варкава өлкесінде жұмыс істемейтіні белгілі болып отыр (соның ішінде 91-інің жұмыс беруші мекемелері ригалық мекен-жай бойынша тіркелген, яғни ол – Ригада тұрады деген сөз). Варкава өлкесінің 103 тұрғыны тұрақты табысқа ие. Олардың жартысына жуығы өлкелік әкімшілікте қызмет етеді. LTV арнасы Варкава өлкесін өзіндік басқаруды реттеу қорының қаражаты құтқарып тұр, деп хабарлайды. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі де қаржы бөліп отыр. Sherrit корпорациясы өндіріс көлемін төмендетпек Канадалық Sherrit Internatiоnal корпорациясы бірлескен Ambotovy кәсіпорнындағы никель өндіруді төмендететінін мәлімдеді. Өндіріс көлемі наурыз айының өзінде ақпанмен салыстырғанда, 3078 тоннаға немесе 20,5 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, өндірілген кобальт те 215 тоннаны құраған. Ақпандағы көрсеткіштен салыстырмалы түрде 26,9 пайызға аз. Әйтсе де, компания басшылары наурыздағы «дағдарыстың» салдарына қарамастан, никель өндірудің жылдық көлемі 47000-52000 тоннаға жетеді деп күтеді. Сірке суына 576 отбасы уланған Қытайдың оңтүстік-батыс Синьхуа аймағындағы Чэндуға жақын Сичан қаласындағы Сычуань провинциясында 13 сәуір күні түс ауа эпизоо профилактикалық орталығында сірке суы ауаға ұшқан. Апатқа байланысты 1141 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Зардап шеккендер жоқ. Бұл ақпаратты Ляншань-Иск автономды округы, Сычуань провинциясындағы өртке қарсы қызмет өкілі хабарлаған. Апатты ошақтың аузын жабу үшін қырыққа жуық адам жұмылдырылыпты. Солардың арқасында 576 отбасының 1141 мүшесі аман қалған. Сірке суының улылығы адамды есінен тандыру күшіне ие. Уланған ауамен демалған кісі басы ауырып, жүрегі айнып лоқсиды екен. Басқа да ауруларды қоздырып жіберуі мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін апат ошағы толық залалсыздандырылған. АҚШ-тағы тақтатас тығырығы азайып келеді Bloomberg агенттігі таратқан мәліметке сай, соңғы қырық жылда мұнай өндірудегі ректордтық көрсеткіш болған АҚШ-тағы тақтатас тығырығы ақырындап азайып келеді. Американың энергетика бойынша ақпараттандыру басқармасының бақылауынша, үлкен кен орындарында мұнай өнімдерін қатты шикізаттан өндіру мамыр айында тәулігіне, 57 мың баррельге төмендемек. Ведомство өндірістің 2013 жылғы ай сайынғы есебіне ұқсас тоқырауы мүмкін деп отыр. Deutsch Bank AG, Goldman Sachs Group Inc және HIS Inc экономистерінің болжамынша, мұнай бағасы төмендей берсе, АҚШ-тағы мұнай өндіру бірнеше жылға, кемінде алты жылға тоқырамақ. Баға белгілеудің құлдырауы елдегі бұрғылау жұмысының тең жартысына жуығының тоқтап, мыңдаған жұмыс орындарының жабылуына әкеп соқты. Мұнай өндіру қарқынын арттыруды тоқтата тұру шикізат тапшылығын болдырмауға және әлемдік нарықты тұрақтандыруға ықпал етеді дейді Goldman. АҚШ-тағы мұнай өндіру төмендейтін болады, егер Америкадағы мұнай өндіру зауыттарындағы маусымдық қалпына келтіру жұмыстарының ауқымы кеңейсе. Елдегі мұнай қорының азаюы нарықтағы ахуалды жеңілдетіп, 2014 жылғы мұнайдың әр барреліне 50 доллар баға белгіленуінен кейін болған тоқырауға оң ықпал етуі керек.