Спорт және туризм

Жалпақтөбеліктер жарады

Жалпақтөбеліктер жарады

Еліміздің мерейін асыратын мерейтойлардың бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қаламыздағы «Олимпик» спорт кешенінде «Ордабасы» ұлттық командалық спорт түрлерінен жарыс болып өтті. Негізінен командалық ойындар бойынша мықтылар анықталған додаға бірнеше ауданнан және Тараз қаласынан командалар қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Айтулы аламанда Жамбыл ауданының «Жалпақтөбе» командасы қарсыластарынан қара үзіп, топ жарса, Тараз қаласының қос командасы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Табиғат Абаилдаев,

"Ақ жол".