Саясат

Батыс стандарттарының теріс ықпалы талқыланды

Батыс стандарттарының теріс ықпалы талқыланды

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өз жұмыстарын жалғастырды. Талдықорған қаласында сенімді тұлғалар Батыс стандарттарының теріс ықпалы туралы талқылады. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі – рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық», – деп атап өтті Алматы облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі. Батыс қоғамында әлеуметтің одан әрі жеткілікті өрбуі үшін тұлғаның моральдық-психологиялық дамуы мойындалмайды. Айтылған мәселелердің бастауын ҚКХП жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктерді ескермейтін Батыс құндылықтарының кең насихатталуынан көреді. Сонымен қатар, ҚКХП кандидаты Т.Сыздықовтың бағдарламасы Павлодар қаласында талқыланды. Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайлылыққа әкеледі. Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді. Батыс сән үлгісінің ең қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері. Мұның барлығы – бос уақыт өткізу емес, бұл – тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі. * * * Кеше Астана қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті. Тараптар сайлауалды науқанының барысы туралы сұхбаттасты, сайлау комиссиялары жұмысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды. Т.Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысын хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырды, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді. – Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аймақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен тиімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты және келеңсіз өткізуге толық мүмкіндік береді, – деп атап өтті кандидат. А.Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт-насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді. Сайлау науқаны басталғалы бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40-қа жуық интернет желілерінде біздің кандидатымыз және сайлауалды штаб туралы жүздеген материал және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді. Жалпы алғанда, сайлау науқаны басталғалы республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті. ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстанда болды. Бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс орталықтарының 203 қалалық және аудандық комитет, 2000-нан аса бастапқы партиялық бірлестік қамтылған. Аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. Насихат жұмыстары партияның бастапқы өкілдіктерінде қолға алынған. Кездесу соңында қос тарап кездесу барысында ашық және пайдалы сұхбат болғандығын атап өтті.