Саясат

Достықты ту етті

Достықты ту етті

«Тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір» демекші, арамыздағы ұлты өзге жерлестердің қазақ тілін қаншалықты меңгергендігін көрсететін әртүрлі мәндегі байқаулар мен басқадай іс-шаралар ауданымызда жиі өткізіліп тұрады. Түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін, достығын нығайтатын мұндай шаралардың маңызы зор екені белгілі. 

Жуырда аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Ұлтым басқа, тілім қазақ!» деген тақырыпта байқау өтті. Оған аудан орталығындағы балалар - жасөспірімдер шығармашылығы орталығынан Ругиян Хурман, Гунел Рзаева, Шахида Лосы, Фарида Боцеева, Фатима Дифу, Зухра Хаунлер қатысты. Бұл оқушыларды байқауға шығармашылық орталығының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Құсайынова дайындады. Байқау қорытындысы бойынша Лосы Шахида және Хурман Ругиян жүлделі орындардан көрінді. Өзге қатысушылар белсенділігі үшін Алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл саясатының маңызына жұрт назарын аудару және мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерін насихаттау болды.

Серғазы Манасбаев, журналист

Қордай ауданы.