Денсаулық

Сағынып жүрмін!

Сағынып жүрмін!

Көзімде жасым көлкіп тұр, Әке, сен десе, Қайтейін енді қолымнан көп іс келмесе. Сағынып жүрмін, сағынып жүрмін өзіңді, Сағынып жүрмін, түсіме енші ендеше.

Өлеңдетіп жыр жазсам, сені жырласам, Түсінер екен қанша адам және кім қашан? Түсінер екен қай пенде келіп қай күні, Ойланам дағы, өзіммен-өзім сырласам.

Өмірдің мынау сынағына да бағындым, Селдіреп көзден сырғып барады сағым күн. Мұншалықты әлсіз боп жаралмасам да, Әкетай, сені езіліп қатты сағындым!

Айтушы едің ойыңды жаймен, ақырын, Әр айтқан сөзің күшейтті бала тақымын. Жылуы бұл күн жетпей жүр менің жаныма, Сағынып жүрмін Әкемнің айтқан ақылын.

Сағынып жүрмін жанымда жүрген кезіңді, Сағынып жүрмін еріксіз күлген көзіңді. Жырақта жүрсің, жұмақтасың ба білмеймін? Белгі бер, Әке, сағынып жүрмін өзіңді!

Сағи Бүркітұлы, студент.

Т. Рысқұлов ауданы.