Саясат

ЕҚЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕҚЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро бақылаушылары Даг Хэллезунд және Бриджит Хауэрмен кездесу өткізді. 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бақылаушы болып табылатын аталған азаматтармен облыс басшысы сайлауға қатысты ой бөлісті. Норвегиялық Даг Хэллезунд пен германиялық Бриджит Хауэр бақылаушы ретінде арнайы аккредитациядан өткен. Аталған бақылаудан 19 мемлекеттен 236 азамат өтті деген мәлімет келтіреді ҚР Орталық сайлау комиссиясы. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік 98 бұқаралық ақпарат құралының өкілін аккредитациядан өткізген екен. Мұнан өзге елімізде тіркелген түрлі ұйымдар мен бірлестіктер және жеке азаматтардан тұратын бақылаушылар да алдағы уақытта болатын сайлаудың әділ өтуін қадағалайтын болады.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».