Сайлауалды штабтардың атқарған жұмысы сараланды
Сайлауалды штабтардың атқарған жұмысы сараланды
ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласындағы республикалық сайлауалды штабында кезекті жиналысын өткізді. Онда ол: «Мен Астана, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында студент, оқытушы, және өндіріс орындарының өкілдерімен кездестім. Жиында оларға, біздің партияның кешегі күнін ой елегінен өткізіп, күрделі кезеңнен ысылып шыққандығын жеткіздім. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз», – деді. Сондай-ақ, ол сайлаушыларын мазалап жүрген, коммунистік партия тұғырнамасындағы дәстүрлі ұстанымдар туралы ой бөлісті. Студенттер мен жұмысшылар біздің ұстанымымыз ескіріп, қазіргі заманның талаптарына жауап бере алмайды деген пікірлерін білдіргенде, мен оларға ғылыми коммунизм классиктерінің сөздері мен тезистерін мысалға келтірдім: «Материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр». – Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді, – деп мәлімдеді Тұрғын Сыздықов. Сондай-ақ, батыстық мәдениеттің үздік көрінісі мен оның қазіргі заманда адамдар көп еліктейтін мысалдары туралы пікірлер айтылды. Алматы қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты. – Алматы қалалық сайлауалды штабы ҚР президенттігіне кандидат Т. Сыздықовты қолдау үшін қала тұрғындарымен іс-шаралар өткізуде, – деді қалалық партия комитетінің жетекшісі Е.Бейсембаев. Оның маркстік-лениндік идеяларға негізделген сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттайды. Қоғамдық идеалдардың батыстық тұтынушылық стандарттармен алмастырылуы, жастарды жауапсыз «тоғышар тіршілік иесіне» айналдыруы мүмкін. Тұтынушылыққа деген бетбұрыс жастардың бағдарын өзгертеді. Осы ықпалға көніккендердің өз күшімен жетістікке жетуге деген ықыластары жойылып «дайын асқа тік қасық» қасиет қалыптасады. Кандидаттың сенімді тұлғасы, ҚКХП мүшесі Ирина Смирнова: «Сайлауалды насихат кезінде партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсеріне баса назар аударатын болады. Қалыптасқан құндылықтарға қарамастан зорлық-зомбылыққа, азғындыққа толы және тез пайда табуды көздейтін кино блокбастерлер мен интернет материалдары – қазіргі батыстық мәдениеттің өнімдері. Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды. Қазіргі заманғы батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті», – деді. Сонымен қатар, Павлодар аймақтық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Облыстық комитеттің жетекшісі Г.Нұғманова: «ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды насихат жоспарына сәйкес біз сайлаушылар арасында сапалы насихат жұмыстарын жүргізудеміз. ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушылары, журналистер және аймақтық қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен сайлауалды штабтың танытымына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырдық. ҚКХП өзінің науқанын жоспарға сай өткізуде, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатылған. Тұрғындармен белсенді түрде кездесулер өткізіп, сайлауалды тұғырнамамызды түсіндірудеміз. Сайлауалды жұмыста партияның сайты және әлеуметтік желілер кең қолданылуда. Облыс аудандарындағы сайлаушылармен кездесулер жоспарланған», – деп атап өтті. Сонымен қатар ол Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасының маңызды сәттеріне тоқталды. Зорлық-зомбылыққа, азғындыққа толы және тез пайда табуды көздейтін кино блокбастерлер мен интернет материалдары – қазіргі батыстық мәдениеттің өнімдері. Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды. Өз кезегінде кандидаттың Павлодар облысындағы сенімді тұлғасы Н.Рақымжанов: «Насихат жұмыстары барысында аудан тұрғындарымен кездесіп кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырудамыз. Біздер орталық комитеттен келіп түскен барлық үгіт-насихат материалдарын белгіленген орындарға орналастырдық. Әлеуметтік желілерді кеңінен қолданудамыз. Дайындаған барлық материалдарымызды ресми сайтқа және фэйсбук әлеуметтік желісіне орналастырудамыз. Өздерінің түрлі сұрақтарымен және кеңес алу үшін біздің штабқа көптеген сайлаушылар келуде», – деді.