Әдебиет

Ел есінде ерлігің

The final spritzer

Ел есінде ерлігің

Редакциямызға бірнеше ән-күйдің авторы Асылбек Жыңғылбаев ат басын бұрып, халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухына арналған «Ел есінде ерлігің» атты әнін ұсынды. Әні: Асылбек Жыңғылбаев.Сөзі: Құрманғазы Демешов.

Ғасырлармен жаңғырып, Көрген жанды таң қылып. Тұран Тараз жерінен, Батыр шығу – заңдылық. Бейбіт күннің батыры, Елінің бұл тірегі, Ел деп соқты ақыры, Ғазиздың жан жүрегі. Қайырмасы: Ел есінде ерлігің, Сақтап қалған елдігін. Батырлармен кешегі, Терезең де тең бүгін. Бабалардан рух дарып, Ерлік үрдіс сақталып. Жүрсін ұрпақ ертеңгі, Өзімен мақтанып. Сыйлы едің кім-кімге, Шуақ шашып күлкіңде. Ұмытылмас есімің, Аңыз болдың бұл күнде. Сағынады сан құрбың, Бастауы бұл ән-жырдың. Өз-өзіңе ескерткіш, Ерлігіңмен қалдырдың.