Әлеумет

ІТ жаңалықтар

ІТ жаңалықтар

ITys ұлттық мессенджерінің қолжетімділігі артты

ITys атты қазақстандық тұңғыш хат-хабар алмасу желісі iOS платформасына шығарылды. Мемлекеттік тілдегі қосымшаны App Store интернет-дүкені арқылы енді iPhone телефонын қолданушылар да тегін жүктей алады. Өткен жылдың соңында таныстырылған желі өз елімізбен қатар АҚШ, Ресей, Корей және Түркия елдерінде белсенді қолданыла бастапты. Бірнеше айдың ішінде ITys-ты ұялы телефонға жүктегендер саны 200 мыңға жуықтаған. Ұлттық нақышта безендірілген отандық мамандардың жобасы қауіпсіз режімде хабарламалар мен алуан түрлі типтік файлдар алмасуға да жол ашады. Жоба авторларының айтуынша, ондағы тақия киген «смайликтер» жақында анимациялық стильге көшетін болады. Жеке хабарламалар өте құпия сақталады. Белгілі бір нүктесін бассаңыз, белгілі бір уақытта жойылып кетеді. Оны ешқандай хакер аша алмайды. «Ақылды» шұлық, тіс щеткасы, кереует, есік қоңырауы. CES 2014 көрмесінде Sleep Number компаниясы жайлы ұйқыны қамтамасыз ететін кереуетті таныстырды. Кереует бағасы 8000 долларды құрайды. Ол дауыспен басқарылып, өз қожайыны туралы ақпарат жинайды. Иесінің дем санының жиілігін, жүрек соғысын бақылап, Bluetooth арқылы смартфонға немесе планшетке жібереді. Ондағы арнайы бағдарлама арқылы ұйқының сапасы анықталып, қалай жақсартуға болатындығы жайлы кеңес береді. Ал Heapsylon компаниясының «Ақылды» шұлығы адамның салмақ мөлшерін хабарлап, жарақат алып қалу қаупін ескертеді, жаттығу сапасын жақсартады. DoorBot аталатын есік қоңырауы Wi-Fi арқылы қонаққа келген адамды хабарлап қана қоймай, оның түрін көрсетіп, сөйлестіруге мүмкіндік береді. Арнайы бағдарлама арқылы оны тіпті ұялы телефондарға орнатып, кез-келген жерде үйге келген қонақтар туралы мәліметтер алып тұруға болады. Сондай-ақ, қызықты гаджеттің бірі – Kolibree тіс щеткасы. Оған арнайы бағдарламалар арқылы датчиктер орнатылады. Ол тіс тазалау сапасы, арасында қалып кеткен жерлері, тазалаған уақыты жөнінде Bluetooth арқылы мәліметтер беріп отырады. Facebook қолданушылары өз аккаунттарын мұраға қалдыра алады Америкалық Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары “алай-бұлай” болып кеткен жағдайда өз аккаунттарына иелік етіп қалатын мұрагер тағайындауға мүмкіндік алды. Компания басшыларының хабарлауынша, бұл қызмет жақын арада бүкіл әлемге таралады-мыс. Аккаунттың жаңа иесі, бұрынғы иесінің фотоларына иелік ете алады және жаңа достарды қосып, өшіре алады. Алайда бұрынғы иесінің жазып кеткен немесе әңгімелескен хабарламаларын қарай алмайды, оған рұқсат жоқ. Аккаунтқа иелік ету үшін қайтыс болған адамның туысы немесе жақын адамы өтініш тастағаннан кейін ғана компания тарапынан қаралады. Егер қолданушының шын мәнінде қайтыс болғаны анықталса немесе біраз уақыт белсенділік байқалмаса автоматты түрде туысына беріледі. Осылайша Facebook иесіз қалған аккаунттар санын біртіндеп жойғысы келеді екен. Аккаунтты басқа біреуге қалдырғысы келетіндер «Қауіпсіздікті баптау» бөліміне өтіп, ондағы «legacy contact» параметрін өзгертсе жетіп жатыр. Айфон құрылғысына қазақша клавиатура орнату Apple компаниясының өнімдері – айфон және айпад құрылғыларында қазақша әріп жоқ болатын. Алайда, iPhone смартфондарының алтыншы буынымен бірге қолданушыларға жол тартқан жаңа операциялық жүйе iOS8-де бұл олқылықтың орны жойылды. Енді, custom keyboard, яғни кез-келген бағдарламашының қолынан шыққан қосымша пернетақтаны қолдануға толық мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде, қазақша жазу мүмкіндігі де пайда болды. Бұл клавиатураның ерекшелігі – сіз клавиатураның баптауын қазақ тіліне қойып, кириллицамен орысша жаза бастасаңыз болды, клавиатура сөздерді өзі қазақшалап, түзейді. Мысалы, сіз «Кеширерсиз, менде казакша ариптер жок» деп жазсаңыз, клавиатура «Кешірерсіз, менде қазақша әріптер жоқ» деп түзейді. Бұл Adaptxt бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Apple Watch сағаттары биылғы жылдың сәуірінде шыға бастайды Әлі шықпаса да, талайды тамсандырып үлгерген Apple Watch сағаттары осы сәуір айында сатылымға шығарылмақ. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук жариялады. Нақты қай күні екені белгісіз, алайда жаңа сағаттардың құны 349 доллардан басталмақ. Компанияның ресми сайтында сағаттар үш түрлі модификацияда пайда болатыны толық сипатталған. Олар қарапайым түрі, спорттық үлгісі және премиум-класс. Олардың формасы шаршы тектес және сенсорлы экранға ие. Сырты тот баспайтын болаттан, алюминий және 18 каратты сары алтыннан жасалған. Цифрблатта ең бірінші ауа-райын, валюта бағамын және жаңалықтарды көруге болады. Сондай-ақ, смартфоныңызбен етене жұмыс жасай алады. Телефоныңызға келген қоңыраулар мен хабарламаларды да көре аласыз. Тіпті ол сіздің басқан қадамыңызды да санай алады. Яғни, қай жерден бастап, қанша метр не км жүргеніңізді санап, айтып бере алады. Тағы да бір ғажап қызметі, ол iPhone телефондарының камерасына пульт қызметін атқара алады. Яғни, телефон алыста тұрғанына қарамастан сіз камераны сағатпен басқаратын боласыз. Сағаттар Siri технологиясын қолданады, демек дауысты хабарламаны сағат арқылы жіберуге де болады. Жапония Олимпиадада сөздерді аударуға ұялы қосымша қолданады Жапония ІІМ және Panasonic компаниясы, NTT телекоммуникация компаниясы біріге отырып, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына арнап смартфонға жаңа қосымша (приложения) жасауды бастап кетті. Бұл қосымша Олимпиадада айтылған сөздерді бір мезетте, әлемнің бірнеше тіліне аударуға мүмкіндік береді. Бұған дейін жасалған қосымшалардың көбісі қысқа сөздерді ғана және тек ағылшынша, жапонша, французшаға аудара алған. Бұл қосымшаның айырмашылығы, көптеген тілге, қиын сөз тіркестерін де аудара алады. Сондай-ақ, қосымша өз ауруын айтып тұрған шетелдікті тез түсініп, жедел көмек көрсету мақсатында да қолданады. Аудармашы-қосымша айтылған сөздерді құрылғының (смартфонның, планшеттің) микрофоны арқылы жазып алады да оны автоматты түрде аудармалау жүйесіне жібереді. Бірнеше секундтан кейін аударылған сөзді экранға шығарады немесе дауыстап айтады. Жапония үкіметі Олимпиадаға қосымша жасап шығаруға тек биыл 1,4 млрд иен (11 млн. доллар) жұмсамақ. Car2Car – авто жүргізушілерге арналған сервис Car2Car – автокөлік жүргізушілері бір-біріне хабарлама жіберуге арналған құрылғы. Хабарлама жіберушінің есімі ретінде автокөлік нөмірі қолданылады. Бұл әлеуметтік желінің қызметтерін қолданса да, әлеуметтік желі саналмайтын қосымша. Мысалы, жолда келе жатып, бір көліктің бір дөңгелегі жарылғанын көрсеңіз, автокөліктің нөмірін қосымшаға енгізіңіз де, осы оқиға туралы иесіне хабар айтыңыз. Жүріп бара жатқан көліктердің нөмірі мен маркасы, түсі сіздің мессенджеріңізде жазулы тұруы тиіс (егер жазса). Осылайша бұл сервис арқылы апаттың алдын алуға болады. Құрылғы жүрген жерін есте сақтай алады. Яғни, бір-екі күн өтіп кеткен апатқа кінәліні іздеу керек болса, жай ғана мессенджерге «Осындай күні, осындай сағатта, осындай көшеде апат болды. Көргендер бар ма?» дегендей хабарлама жазып жіберсеңіз, мессенджер автоматты түрде сол күні, сол сағатта, сол көшеде болған көліктерді нөмірі арқылы тауып, хабарлама жөнелтетін болады. Немесе «Мына жерде құбыр жарылған, көше жабық» деп хабарлама жазып, «жақын маңдағыларға» жіберіп қойсаңыз, барлық көліктер автоматты түрде сіздің атыңыздан хабарлама алатын болады. Гаджет деген не? Гаджет – ол арнайы бір деректерді көрсетіп тұратын шағын бағдарлама. Ағылшын тілінен аударғанда адам өмірін жеңілдетуге арналған құрылғы, бағдарлама. Мысалы Windows 7 жұмыс үстелінен тышқанның оң жағын басып, Гаджеттер дегенді шертеміз. Онда көптеген қызықты бағдарламалар бар. Арнайы жұмыс үстеліне шығарып қоямыз. Сағатты, күнді, ауа-райын, өзге де қажетті дүниелерді көрсететін түрлері бар.