Экономика

Дихандар дала төсіне шықты

Дихандар дала төсіне шықты

«Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді дихан. Көктемнің әр күнін ұтымды пайдалануға тырысқан дихандар уақытпен санаспай тер төгуде.

Ауданда «Нариман» шаруа қожалығы табысты шаруашылықтардың бірі. Олар жыл сайын егін алқаптарынан мол өнім алуда. Қазіргі таңда қожалық жаздық арпаны егін алқабына ойдағыдай сеуіп, агротехникалық мерзімді сәтті аяқтап келеді. Олар 300 гектар егістікке жаздық тұқым септі. Енді 250 гектар алқапты алып жатқан күздік егіннің бой алып кетуіне қажетті ылғалдылықты сақтау шараларын қолға алуда.

Суретте: «Нариман» ШҚ жетекшісі Тұрар Теңізбаев механизаторлар Б.Жұмаділов, В.Корсунов және Ю.Зоненшельдпен бірге.

Суретті түсірген Петр Норкин.

Шу ауданы.