Саясат

Өскемендіктер елдегі өркенді істерді қолдайды

Өскемендіктер елдегі өркенді істерді қолдайды

31 наурыз күні ҚР Президентіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Өскемен қаласында болып, Үлбі металлургия зауытының жұмысшыларымен, жастар белсенділерімен және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіруші ҮЕҰ өкілдерімен жүздесті. Делегацияның құрамында - Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Мүгедектердің қазақстандық конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова, «КТК» телеарнасының стратегиялық дамуы бойынша директоры Артур Платонов, ҚР Кен-металлургия өнеркәсібі кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Төлеген Ыбыраев, Нұртай Сабильянов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және басқалар болды. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаздық қызметінің нәтижесі баршаның көз алдында. Елбасының ерен еңбегінің жемісі еліміздің инновациялық өнімінің бестен бір бөлігін беретін Шығыс Қазақстан өңірінде де айқын көрінеді. Мұның барлығы кездейсоқтық емес, Ұлт Лидерінің зор еңбегінің нәтижесі. Біз шығысқазақстандықтардың Мемлекет басшысын қолдауда аса жоғары нәтиже көрсететініне сенімдіміз», - деп атап өтті Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед. Бұдан кейін зауыт қызметкерлері де Н.Ә. Назарбаевты қолдап сөз сөйледі. «Зауыт жастары біздің Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарларын қолдайды және біз осы орасан зор міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. 26 сәуірде біздің алдымызда маңызды мақсат – өз болашағымызды таңдау міндеті тұр! Егер елдегі жастар біздір лидер сияқты өз ісіне берілген іскер басшыдан үлгі алатын болса, бұл Қазақстандағы табыс пен берекенің кепілдігі болар еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қуатты, мықты және гүлденген ел қатарына жеткізетініне сенімдімін!» – деп атап өтті сөйлеген сөзінде «ҮМЗ» АҚ-ның жастар бірлестігі кеңесінің мүшесі, бериллий өндірісінің инженері Ринат Құдабаев. – Сіздердің зауыттарыңыз – 65 жылдық өндірістік дәстүрі қалыптасқан бірегей кәсіпорын. Бүгінгі күні мұнда 4000-ға жуық адам еңбек етеді. Естеріңізде болар, осыдан небәрі 20 жыл бұрын елімізде шахталар мен кәсіпорындар жабылып, жалақы мен зейнетақы төленбей, жұмыс та болмаған еді ғой. Елбасының арқасында біз бұл қиын кезеңнен өтіп, мықты мемлекетке айналдық, елімізде орасан зор өзгерістер болды, ал бүгінгі күні осы жауапты, тарихи сәтте Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы да өз қолдауымызды білдіретін уақыт келді. Тек қана Елбасымен бірге біз жаңа ұлы жеңістерге қол жеткізе аламыз! – деп атап өтті Өскемен қаласындағы «ҮМЗ» АҚ-ның тантал өндірісінің жұмысшыларымен өткен кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Сапар барысында РҚШ мүшелері тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы мәселелерін үйлестіруші үкіметтік емес ұйымдармен, «Үлбі» Орталық Мәдениет үйінде, оқушылардың Шығармашылық Үйінде және металлургтардың Мәдениет үйінде болып, студенттік жастармен және профессорлық-оқытушылар құрамымен де кездесті. Іс-шараға мыңдаған өскемендіктер қатысты. Сөйлеген сөздерінде Өскемен қаласының тұрғындары тәуелсіздіктің 23 жылында Еліміздің бірінші Президенті – Ұлт Лидерімен бірге Қазақстан Республикасының мықты іргетасының қаланғанын атап өтті. Республикалық қоғамдық штабтың баспасөз-қызметі хабарлағанындай, Шығыс Қазақстан облысында 20 қоғамдық штаб құрылып, 3000-нан астам сенімді тұлғалар мен жас белсенділер жасақталды.