Басты жаңалық

Баспана –британдықтардың «бас ауруы» болды

Баспана –британдықтардың «бас ауруы» болды

Себебі, Лондонда тұрғын үй жыл ішінде 13 пайызға қымбаттады. Алайда, сұраныс аз болғандықтан, Лондонда жылжымайтын мүлік бағасының өсуі жеті айдан бері бәсеңдеді.

Жалпы алғанда бұл елде тұрғын үй бағасы ақпан айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7,5 пайызға өскен болатын. Сұраныс өсуін ипотекалық несиенің төменгі ставкасы, британиялық экономиканың қарқынды дамуы мен жұмыссыздықтың төмендеу деңгейі қамтамасыз етіп тұрған. Енді тұрғын үйге деген бағаның рекордтық жоғарылауы, ипотекалық несие берілуінің шектелуі сұранысқа кедергі келтіретін нақты себеп болып отыр. Еске сала кетсек, жекелей сатылым ІЖӨ-нің 5,6 пайызын қамтамасыз етеді. 2008 жылдан бері осы жылдың ақпан айында Ұлыбритания бюджетінің тапшылығы ең төмен болған. Мемлекеттік банктерді қоспағанда, мемлекеттік секторда таза берешек көлемі өткен айда 6,9 миллиард фунт стерлингке (10,2 доллар) жеткен. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 10,4 миллиард фунт стерлинг болған.