Оңтүстік Осетияда нан қымбат
Оңтүстік Осетияда нан қымбат
Оңтүстік Осетия Үкіметі әлеуметтік нан бағасын қымбаттату туралы шешім қабылдады. 6 сәуірден бастап республика тұрғындары бір бөлке нанға 3 рубль артық төлейтін болады. Яғни, нан бағысы 13-тен 16 рубльге көтерілді. Бұл туралы экономика министрі Вильям Дзагоев мәлімдеді. Нан өнімін өндіретін зауыт ай сайын мемлекеттік бюджеттен 600 мың рубль көлемінде субсидия алып келген. Бірақ, осы қаржының өзі өндіріс шығыстарын жабуға жетпейді екен. Өндіріс орнының директоры Вадим Цховребов ұн, май және басқа да тауарлардың қымбаттауына байланысты мұндай қадамға амалсыз барып отырғанын айтады. «Біз сараптама жасап көрдік. 2015 жылдың қаңтарындағы статистикаға сүйенсек, 600 грамм бірінші сұрыпты ұн 18,36 рубльге сатылды. Басқа шығыстарды қоспай-ақ, осының өзі бір бөлке нанның құнынан асып кетеді. Зауыт жұмысшылардың жалақысын, салық және тағы басқа әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлей алуы үшін нан бағасын 13 рубльден 16 рубльге көтеруді ұсынамыз», – дейді В. Дзагоев. Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Осетияда нан бағасы соңғы рет екі жыл бұрын қымбаттаған екен. Онда да екі рубльге ғана.