Әлеумет

Ардагерге құрмет көрсетті

Ардагерге құрмет көрсетті

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз, оның ішінде облысымызда Жеңістің 70 жылдығына байланысты соғыс және тыл ардагерлерінің әлеуметтік жағдайы және денсаулығын жақсарту үшін елеулі шаралар жүзеге асырылуда. Осындай қамқорлық Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІІ және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, майданнан жеңіспен оралған соң облыстық «Ақ жол» (бұрынғы «Еңбек туы») газетінде ұзақ жылдар қызмет істеп, зейнетке шыққан Срайыл Керімбаевқа да көрсетілді. «Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясы» ЖШС-ның ұжымы ардагер тұратын пәтердің терезелерін жаңалап, пошта жәшігін орнатып, «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген белгі іліп, тоқсанның төріне шыққан майдангердің иығына құрметпен шапан жапты.

«Ақ жол-Ақпарат».