Мұнай бағасы тағы түсті
Мұнай бағасы тағы түсті
Лондондық ІСЕ Futures қор биржасындағы Brent маркалы мұнай бағасы 0,29 пайызға, яғни, барреліне 54,95 долларға дейін құлдырады. Нью-Йорк сауда биржасының (NYMEX) электронды саудасындағы WTI-дың мамыр айына жасалған баға келісімдері сейсенбі күні 0,48 пайызға, барреліне 47,37 долларға дейін төмендеді. Мұны мұнай нарығында үзіліс дауылы деуге болады. Бірнеше айлық демпингтен кейін Сауд Арабиясы азиялық сатып алушыларына арналған бағаны алғаш рет көтерді. Сәуір айының басынан бергі мұнай баррелінің бағасына арналған жеңілдік небәрі 90 центті ғана құрамақ. Наурыз айында бұл барреліне 2,3 АҚШ долларын құраған еді. Бұл соңғы үш жылдағы өткізілім бағасының рекордтық көтерілуі болды. Осылайша америкалық банк сарапшыларының айтуынша, саудиялықтардың стратегиясы сәтті жүзегі асқан. АҚШ-тың көптеген тақтатас мұнайын өндірушілері өндірісті қысқартып, тіпті тоқтатып жатыр. Небәрі санаулы-ақ айдың ішінде бұрғылау қондырғылары екі есеге, яғни 800-ден астам данаға қысқарды. Бұл – енді саудиялықтарға енді өнімдерін бұдан әрі төмендете берудің еш мәні қалмады деген сөз.