Балғын балуандар бақ сынасты

75

Шаһарымыздағы «Олимпик» спорт кешенінде 1998-1999 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Ұлттық спорттың мерейін асырған сынға еліміздің 14 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан жарысқа 16 салмақ дәрежесінде 400-ге жуық спортшы қатысып, боз кілемде кім мықты екенін өзара анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша қарсыластарынан анағұрлым мықты болған біздің облыстың командасы жалпы есепте І орынды, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы ІІ орынды, Қызылорда облысының жасөспірімдері ІІІ орынды иеленді. Ұлдар арасындағы сында да, қыздар арасындағы бәсекеде де облыстың жас қырандары қарсылас шыдатпай, жүлдені күреп алды. Бұл қазақ күресінің Жамбыл жерінде айрықша дамығанының көрінісі болса керек.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support