Қазақстан таза табыс деңгейі жоғары елдер рейтингінде 94-ші орында тұр

75

Nation Master статистикалық порталының зерттеуіне сәйкес Қазақстан таза табыстарының деңгейі барынша жоғары 162 ел рейтингінде 94-ші орында тұр.

Портал ақпаратында аталып өткендей, 2014 жылдың дерегіне сәйкес салықты есептемегенде орташа жалақы Қазақстанда айына $614,24 құраған.

Бұл ретте пәтер алаңы 85 шаршы метр болғандағы коммуналдық қызмет шығындары айына $107,55 құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 146 орынның 75-де тұр.

Интернет-байланыс қызметінің құны бойынша Қазақстан 146 орынның 116-ыншысында (орта есеппен айына $25).

Жалға алу құнының қымбаттығы бойынша Қазақстан 59 орында (қала орталығындағы үш бөлмелі пәтерді жалға алу құны $1 112,25). Ал кірісі ең жоғары ел ретінде Швейцария аталды (айына $6,301), ең төмені – Куба (айына $25,05).

Ресей 86-шы орында (айына $686,16), Әзірбайжан — 104-ші орында (айына $524,84), Беларусь — 109-ші орында айына 502,19), Өзбекістан — 130-шы орында (айына $360,72), Украина — 132-ші орында (айына $357,71), Қырғызстан — 136-шы орында (айына $350).

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support