Экономика

Қазақстан таза табыс деңгейі жоғары елдер рейтингінде 94-ші орында тұр

Қазақстан таза табыс деңгейі жоғары елдер рейтингінде 94-ші орында тұр

Nation Master статистикалық порталының зерттеуіне сәйкес Қазақстан таза табыстарының деңгейі барынша жоғары 162 ел рейтингінде 94-ші орында тұр.

Портал ақпаратында аталып өткендей, 2014 жылдың дерегіне сәйкес салықты есептемегенде орташа жалақы Қазақстанда айына $614,24 құраған.

Бұл ретте пәтер алаңы 85 шаршы метр болғандағы коммуналдық қызмет шығындары айына $107,55 құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 146 орынның 75-де тұр.

Интернет-байланыс қызметінің құны бойынша Қазақстан 146 орынның 116-ыншысында (орта есеппен айына $25).

Жалға алу құнының қымбаттығы бойынша Қазақстан 59 орында (қала орталығындағы үш бөлмелі пәтерді жалға алу құны $1 112,25). Ал кірісі ең жоғары ел ретінде Швейцария аталды (айына $6,301), ең төмені – Куба (айына $25,05).

Ресей 86-шы орында (айына $686,16), Әзірбайжан - 104-ші орында (айына $524,84), Беларусь - 109-ші орында айына 502,19), Өзбекістан - 130-шы орында (айына $360,72), Украина - 132-ші орында (айына $357,71), Қырғызстан - 136-шы орында (айына $350).