Наурыз айы туғанда
Наурыз айы туғанда
Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда. Наурыз, наурыз, күн игі! Күні игі жердің – түрі игі. Бауыры жылып науат-қар, Бабымен ғана жібиді. Шашылып ырыс шанақтан, Шақырып бір үй бір үйді, Шаттанушы еді бір игі. Мұқағали Мақатаев. Осынау игі кең жерге, Наурыз айы келгенде, Наурыз тойын бергенде, Көрмегендер де – арманда, Арманда – оны көрген де. Келіп ем өмір – орманға, Наурыз айы келгенде.