Саясат

Партия белсенділігі жоғары

Партия белсенділігі жоғары

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда өтініш-ұсыныстарын айта келген аудан жұртшылығының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты пікірлері ескеріліп, шешімін табатын болды. Қоғамдық қабылдауды партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Аукенов өткізді. Қоғамдық қабылдау Шу ауданында да өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына өз өтініштерін айта келген ауыл, қала тұрғындары мәселелерінің шешімін тауып тарқасты. Оларға мемлекеттік бағдарламалар негізінде қандай айтулы көмектер алуға болатыны айтылып, ел саясатының негізгі бағыттары түсіндірілді. Қоғамдық қабылдауларда алдағы сайлауға қатысуға тұрғындарды үгіттеу жұмысы да назардан тыс қалмады.

«Ақ жол – Ақпарат».

Сарысу, Шу аудандары.