Қош келдің, әз Наурыз!

100

Наурыз мейрамы туралы ұғымдарды кеңейту, ұлттық  салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге насихаттау мақсатында Жамбыл кітапханасында «Наурыз – шаттық әніміз, салтанатты сәніміз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Онда Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен және қазақтың салт-дәстүрлері «Келін түсіру», «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамының ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері насихатталып, туысқан өзбек, қырғыз, татар әндері мен билері биленіп, мереке достыққа ұласты.
Мереке аясында Қазақ соқырлар қоғамының және Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік бірлестігінің мүшелеріне мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.

Әлия Елтүзерова,
кітапхана әдіскері.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support