Әлеумет

Қош келдің, әз Наурыз!

Қош келдің, әз Наурыз!

Наурыз мейрамы туралы ұғымдарды кеңейту, ұлттық  салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге насихаттау мақсатында Жамбыл кітапханасында «Наурыз – шаттық әніміз, салтанатты сәніміз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Онда Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен және қазақтың салт-дәстүрлері «Келін түсіру», «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді. Сондай-ақ, Наурыз мейрамының ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері насихатталып, туысқан өзбек, қырғыз, татар әндері мен билері биленіп, мереке достыққа ұласты. Мереке аясында Қазақ соқырлар қоғамының және Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік бірлестігінің мүшелеріне мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.

Әлия Елтүзерова, кітапхана әдіскері.

Тараз қаласы.