- Advertisement -

Төрлет, туған жер төріне!

48

- Advertisement -

Шығыс халықтарына ортақ мереке – Наурыздың тарихы тым терең. Күн мен түн теңелетін көктем тойында әр ұлттың дәстүр-салты дәріптеледі. Қыс құрсауынан құтылған табиғат пен адамның қуанышы өзара үндесіп жататын Ұлыс күні – бейбітшілік пен татулықтың, береке мен бірліктің бастауы.

Бір сөзбен айтқанда, бұл – кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Әз Наурызда барлық реніш ұмытылып, ең игі тілектер айтылады. Ұлыстың ұлы күні айтылған тілектер қабыл болады деген түсінік қалыптасқан.
Бүгінде Наурыз елімізде жалпы халықтың сүйікті мерекесіне айналған. Ұлыс күні ұлтына, діни сеніміне қарамастан барлық ұлттар бірге тойлайтын жаңаша сипатқа ие болды. Бұл өз кезегінде, ішкі бірлікті сақтауға, ұлтаралық достықты нығайтуға, бауырмалдықты арттыруға септігін тигізіп отыр. Елбасымыз айтқандай, дін мен тілге бөлмейтін Наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары ұлысты ұйыстыра түсті. Бүгінде ол – еліміздегі ең үлкен мереке.
Жалпы, адамзат әрбір атқан ақ таңнан жақсылық күтеді. Наурыз – жаңа күн. Жылдың бастауы. Ұлыстың ұлы күні – ізгіліктің мерекесі. Молшылық пен тоқшылықтың символы. Төрлет, туған жердің төріне, әз Наурыз! Елімізге ырыс-құтты ала кел! Ұлыс оң болсын!

Берік Кусканбаев,
облыс бойынша сот сараптамасы
институтының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support