Әлеумет

Наурызды асыға күтеміз

Наурызды асыға күтеміз

Әзірбайжан этномәдени бірлестігі ұлтаралық келісім, жастар тәрбиесі, салт-дәстүрлерді ұлықтау мақсатында атқарылатын көптеген істерге, мәдени шараларға мұрындық болып келеді. Бұл – біздің азаматтық парызымыз. Биылғы Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылында белсенділік тіпті еселене түсті. Осы орайда, бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің күні саналатын Наурыз мейрамын асыға күттік. Наурыздың тәлім-тәрбиелік, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Шығыс халықтарының бүкілхалықтық мейрамының сипаты бір болғанмен, оны тойлауда әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Мәселен, әзірбайжандар мерекелеуді бір ай бұрын бастайды. Ай ішіндегі 4 аптаның әр сейсенбісінің ерекше жоралғылары бар. Соңғы сәрсенбі – «ахыр черченбэ» күні 7 оттың үстінен секіру, «папах атты», «гулах асты» рәсімдері жасалады. Сондай-ақ, «Наурыз төбеде» өтетін ұлан-асыр тойда өзге этномәдени бірлестіктер бас қосып, ортақ қазақ үй тігуді жоспарладық. Бұл қасиетті мейрам біздің бауырластығымызды одан ары бекіте түспек. Эльмира Асланова, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі. Шу ауданы.