Жыл келді…

77

Өзінің де бекзат, кінәз заты тым,
Леп әкелер жаңа келген жыл қандай?
Бозбаланың тасытам деп бақытын,
Жарқыраумен тұрған шығар бір маңдай.

Шүкір дейік, мал-жан аман, хал жақсы,
Таң да тыныш, мөлдіреумен атқандай.
Жылнаманың бетін аштық алғашқы,
Күтумен тұр алдымызда бақ қандай?!
Дәл осы күн дүниеге келетін,
Айы оңынан туады ұл мен қыздың да.
Несібіміз молая да беретін,
Есігіміз айқара ашық бұл жылға.

Жамиғат мәз құттықтасып бір-бірін,
Болмысы пәк, бұдырғылы шекелі
Кестік тағы сәби-жылдың кіндігін,
Көп өтпей-ақ тәй-тәй басып кетеді!

Ғасырлардың тереңінен сөз қозғай,
Асқақтайды ақындардың өлеңі.
Ой үстіне ой туады, бозторғай
Қой үстіне жұмыртқалай береді.

Баймаханбет АХМЕТ.

Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support