Құтты болсын, әлеумет!

148

Наурыз көже қайнатқан,
Қазанында ырыстың,
Келді өмірді жайнатқан,
Жаңа жылы шығыстың.
Ынтымағын дәлелдеп,
Кешсін халқым тыныш күн.
Құтты болсын, әлеумет,
Ұлы күні ұлыстың.

Құс қанатын талдырған,
Дархан мынау даламыз,
Аманат қып қалдырған
Атамыз бен бабамыз.
Тірлік қылсақ бірлесіп,
Ажырамай арамыз.
Сөгілмейтін іргесі,
Мәңгілік Ел боламыз.

Жарқырасын күніміз,
Жадырасын халқымыз.
Желбіресін туымыз,
Жерді жарып даңқымыз.
Туған Отан төрінде,
Шаттаныңыз, шалқыңыз.
Наурыз – шуақ көңілге,
Наурыз дәстүр – салтымыз!

Олжас ОТАР.

Астана.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support