Аргентинада 25 келі алтынды ұрламақ болғандар ұсталды
Аргентинада 25 келі алтынды ұрламақ болғандар ұсталды
Аргентина полициясы шекарадан құны 2 миллион доллар болатын алтын құймаларын алып өтпек болған парагвайлық екі азаматты құрықтады. Бағалы металл XIX ғасырға тиесілі деп жазады BBC News. Салмағы 25 келі болатын алтын құйманың бетінде «Парагвайдың орталық банкі, 1824 жыл» деген жазу бар. Қамауға алынған екі күдіктінің бірі алтынды 50 мың АҚШ долларына жергілікті үндістер тобынан сатып алғандығын мәлімдеді.Алдын ала болжам бойынша, асыл металл 1864-1870 жылдары болған Парагвай соғысында қаза тапқан дәулетті отбасының үйінде жасырылған. Аталған қырғын кезінде Парагвайдағы ер азаматтардың 85 пайыздайы қырылып қалған болатын.