Басты жаңалық

Ресейде қазақстандықтарға 5 сайлау бөлімшесі ашылады

Ресейде қазақстандықтарға 5 сайлау бөлімшесі ашылады

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру үшін Ресейде бес сайлау бөлімшесі ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісінің кеңесшісі Ерлан Байжановқа сілтеме жасаған ресейлік РИА Новости агенттігі хабарлады. Байжановтың журналистерге айтуынша, сайлау учаскелері Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі жанында, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы және Астрахан қалаларындағы консулдықтарда ашылады. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта жүреді. «Дауыс беру үшін Қазақстан азаматы сайлау учаскесіндегілерге жеке басын куәландыратын құжатын ғана көрсетуі керек. Басқа есептен шығару құжаты немесе талон сұралмайды» деген Байжанов.