Белсенділік көрсетті
Белсенділік көрсетті
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында өңірдегі елді мекендердің инфрақұрылымдарын дамыту мәселелері қаралды. Жиында Саяси кеңес және «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуге байланысты ұсыныстарын ортаға салды. Саяси кеңес отырысына қатысушылар қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдап, алдағы саяси науқанға аудандық бастауыш партия ұйымдарының белсене қатысуын қамтамасыз ету шараларын белгіледі.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Сарысу ауданы.