Назардан тыс қалмайды
Назардан тыс қалмайды
Аудан орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған партия облыстық, аудандық филиалдары саяси кеңесінің мүшелері, аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Саяси кеңес отырысын партияның аудандық филиалының төрағасы Бақытжан Нұркенов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде белгіленген мәселе шеңберінде отырыста аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асхат Абдиваитов баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында аудан тұрғындарына ұсынылған мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндап, орталықтың жұмысы туралы мәліметтерді алға тартты. Жиналғандар тарапынан баяндамашыларға ешқандай сұрақтар мен толықтырулар түскен жоқ. Жиын соңында «нұротандықтар» аудан тұрғындарын алдағы сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.
Қарлығаш Есбергенова, «Ақ жол».
Шу ауданы.