Саясат

Саябақтағы сындарлы жиын

Саябақтағы сындарлы жиын

"Нұр Отан" партиясы Тараз қалалық филиалы мен ішкі істер бөлімі бірлесіп, Тұңғыш Президент саябағында акция өткізді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қала тұрғындарына қоғамдық тәртіп бұзушылықтарға қатысты қолданылатын жаза мен айыппұлдар жайлы ақпарат берді. Аталған саябақ пен Төле би көшесінің бойында жүрген жаяу жүргіншілер мен көлік иелеріне елімізді ең тыныш әрі тәртіпті елдер қатарына қосу мақсатымен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат пен Елбасы ұсынған «нөлдік төзімділік» қағидасын іске асыру болып табылады. «Нөлдік төзімділікті» қалыптастыру – кішігірім құқық бұзушылықтарға көзді жұмып қарамауға шақыру. Бір қарағанда ұсақ көрінетін қылмыстың жазасыз қалуы ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болады. Демек, заңға бағыну мәдениеті ең төменнен басталады. Осыны ескерген, жастар мен қадағалаушы орган өкілдері ұсақ қылмыстар үшін төленетін айыппұлдар жазылған арнайы парақшалар таратып, мемлекеттік істе шет қалмауға үндеді. Акция барысында жастар тұрғындарды алда болатын сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Тараз.