Төп
Төп
Ауылдық жерлерде «төп» деп аталатын қарапайым тамақ тарының шикі немесе піскен сөгінен (немесе оның талқанынан), күріштен әзірленеді. Алдымен оларды қазанға салып, аздап су құйып, тұз салып пісіреді де, қоймалжың күйінде табақ сияқты ыдысқа құйып алады, шыжық қосады. Бетіне май салады. 1940-1950 жылдардағы қиыншылық кездерде тары өсірген ауыл бұны көп пайдаланған.