Жол
Жол
Ел ішінде сурет салумен кәсіби тұрғыда айналыспаса да, көңілдің күйі келген сәтте қолына қылқалам алатындар бар. Сондай сәттерде салынған суреттер жүректің сырын жеткізіп тұратын секілді. Үңіле қарасаңыз, онда бәрі тұнып тұр. Ойдың жүйріктігін, ақылдың тұнықтығын көруге болады. Жанерке де сондай. Ол медициналық институттың 4-курсында оқиды. Ашық-жарқын, бірақ көп сөйлей бермейді. Қолына қылқаламын алған сәтте көкейінде жүрген ойын қағазға түсіргенді жақсы көреді. Бұл еңбегін Жанерке «Жол» деп атапты. «Қайғының артында қуанышы бар, тығырыққа тірелсең де жолыңды тап. Қиындықтан жол құтқарады. Тек таңдаған жолыңның қандай болмағы өзіңе байланысты», – дейді ол.
Суретті салған Жанерке Тынышбек, студент.