Спорт және туризм

Футбол: Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындықты Астанада өткізеді

Футбол: Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындықты Астанада өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасы 23 наурызда Астанада жиналып, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландиямен өтетін ойынға және Ресей құрамасына қарсы жолдастық матчқа дайындықты бастайды.

Атап айтқанда, 28 наурызда «Астана Арена» спорт кешенінде Юрий Красножан шәкірттері іріктеу турниріндегі топ көшбасшыларының бірі Исландияны қабылдайды. Ал, 31 наурызда қазақстандық футболшылар «Арене Химки» стадионында Ресей құрамасымен кездеседі. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы мынадай футболшыларды шақырып отыр:

Қақпашылар: Владимир Логиновский (Астана), Владимир Плотников (Қайрат), Стас Покатилов (Ақтөбе), Ненад Эрич (Астана);

Қорғаушылар: Ренат Абдулин (Ордабасы), Елдос Ахметов (Астана), Абзал Бейсебеков (Астана), Илья Воротников (Тараз), Марк Гурман (Қайрат), Ермек Қуантаев (Қайрат), Юрий Логвиненко (Ақтөбе), Сергей Малый (Ордабасы), Гафуржан Сүйімбаев (Ордабасы), Дмитрий Шомко (Астана), Константин Энгель (Ингольштадт, Германия);

Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев (Қайрат), Бауыржан Жолшиев (Астана), Георгий Жуков (Астана), Бауыржан Исламхан (Қайрат), Ұлан Қонысбаев (Астана), Александр Меркель (Грассхоппер, Швейцария), Азат Нұрғалиев (Ордабасы), Самат Смақов (Ертіс), Асхат Тағыберген (Ақтөбе).

Шабуылшылар:  Тоқтар Жаңғылышбай (Астана), Дәуренбек Тәжімбетов (Ордабасы), Сергей Хижниченко (Ақтөбе), Алексей Щеткин (Астана).

Ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының жарақаты ескеріліп, сонымен қатар, алда өтетін Премьер-Лиганың төртінші тур ойындарына байланысты бірқатар футболшылар қосымша тізімге енгізілген. Атап айтқанда, олар - қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Виктор Дмитренко (Ақтөбе), жартылай қорғаушылар Бауыржан Байтана (Қайрат), Тимур Досмағамбетов (Тараз), Жақып Қожамберді (Тараз), Станислав Лунин (Қайрат) және шабуылшылар Роман Мұртазаев (Шахтер) пен Таңат Нөсербаев (Астана).

Ақпарат көзі kazinform.kz