Әлеумет

ГАЗЕТІМІЗГЕ СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНАН ХАТ КЕЛДІ

ГАЗЕТІМІЗГЕ СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНАН ХАТ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым- Жомарт Тоқаевтан газетімізге хат келді. Төраға өз хатында «Ақ жол» газетінің 17 ақпан (2015 жыл, №20) сейсенбі күні «Жеңіске – 70 жыл» айдарымен жарияланған «Жауынгер, жазушы Кемел Тоқаев қаламының қарымы Жамбыл өңірі тарихында» атты мақаланы толық оқып шыққанын айта келіп, ұжымымызға шығармашылық табыстар тілепті. 11

«Ақ жол» газетінің бас редакторы К. Сәттібайұлына

Құрметті Көсемәлі Сәттібайұлы! Көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі шытырман оқиға жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев туралы «Ақ жол» газетінде жарық көрген мақалаңызбен толық танысып шықтым. Әкем Кемел Тоқаевтың еңбек жолына ізденіс жасап, құнды деректерді газет бетіне жариялағаныңыз үшін Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін, қаһармандығын кеңінен дәріптеу қажет екендігін атап өткен болатын. Осы бағыттағы қолға алған аса жауапты қызметтеріңіздің жемісті болуына тілектеспін. Сізге және өзіңіз басқарып отырған газет ұжымына алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілеймін.

Құрметпен, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ».

Құрметті оқырман! «Қуаныш бөліссе, көбейеді» деген. Еліміздегі ең жоғары лауазымды қызметтердің бірінің тізгінін ұстап отырған абыройлы азамат Қасым-Жомарт Тоқаевтың алтын уақытын бөліп, газет ұжымына арнап жазған жылы лебізге толы бұл хаты Сіздердің де қуаныштарыңыз. Өйткені біз бір ауыз сөз жазсақ та, оны халыққа, халықтың адал перзенттеріне арнайтынымызды түсініп, лайықты бағасын беретін де Сіздерсіздер. Қуаныш құтты болсын, ағайын!

Редакция алқасы.